Жарияланған күні: 29.03.2017 17:14
Өзгертілген күні: 29.03.2017 17:14

                2015 жылдан бастап Салық Кодексіне резидент заңды тұлғалардың және дара кәсіпкерлердің таратылу рәсімін салықтар бойынша аудиторлық қорытындының нәтижелері бойынша жеңілдететін толықтырулар енгізілді.

                2017 жылдан бастап аудиторлар мекемесімен тексерілуге тиіс жылдық жиынтық табыстың деңгейін 60000-еселенген айлық есептік көрсеткіш (АЕК) көлемінен 120000-еселенген АЕК көлеміне өсіруді көздейтін өзгерістер енгізілді. Аталған өзгеріс мемлекеттік кірістер органдарымен жасалатын таратулы салықтық тексерістердің санын азайту және аудиторлық қызметтер нарығын кеңейту мақсатында енгізілді.    Яғни, талап қою мерзімі ішіндеЖЖТ жалпы көлемі 120000 АЕК аспаған жағдайда, салықтық тексеріс жасамай, камералдық бақылаудан кейін, аудиторлық қорытындының нәтижелері негізінде салық төлеушілер таратуға болады.

                Егер осы екі шарт орындалса, Салық Кодексінің 37-2 бабының 2 тармағымен қарастырылған құжаттардың минималды пакетін қоса, аудиторлық қорытындыны алғаннан кейін, 20 күнтізбелік күннен кешіктірмей салықтөлеуші қызметін тоқтату туралы салықтық арызды бере алады.
             Таратудың салық есептілігі таратылатын тұлға төлеуші және (немесе) салық агенті болып табылатын салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері, міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) және әлеуметтік аударымдар (ӘА) бойынша, құжаттық тексеру жүргізу туралы салықтық өтініш табыс етілген салық кезеңінің басынан бастап осындай өтініш табыс етілген күнге дейінгі кезең үшін жасалады.

             Салық органы көрсетілген құжаттарды алған күннен бастап 10 жұмыс күннен кешіктірмей Салық Кодексінің 586 бабымен белгіленген тәртіппен камералдық бақылауды жасауға міндетті. Камералдық бақылау нәтижесімен бұзушылықтар анықталған жағдайда салықтөлеушіге бұзушылықтарды жою туралы хабарлама беріледі.

Таратылатын салық төлеушіге уақытылы салықтарды, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуді, міндетті зейнетақы жарналарды, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналардыжәне әлеуметтік аударымдарды аударуды:

аудиторлық қорытындының нәтижелері бойынша – осындай қорытындыны алғаннан кейін 10 күнтізбелік күн ішінде;

таратудың салық есептілігі тапсыру нәтижелері бойынша – осындай салық есептілігітапсырылғаннан кейін 10 күнтізбелік күн ішінде;

камералдық бақылау кезінде анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаның орындау нәтижелері бойынша – осындай хабарламаны орындағаннан кейін 10 күнтізбелік күн ішінде;

Салық төлеушіге салық берешегі болмаған кездесалықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің артық төленген, қате төленген сомалары, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің төленген сомалары, айыппұлдардың төленген сомаларыкеден органдары алатын кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың бюджетке артық (қате) төленген сомалары осы салық төлеушіге Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген тәртіппен қайтарылуға жатады.

Құжаттық салықтық тексерістің өткізілуі анықталған фаткілер мен жағдайлар бойынша хабарламаның орындалмаған және (немесе) таратылатын салық төлеушінің түсіндірмесімен салық органдарыныңы келіспеген жағдайында қарастырылған.

Жоғарыда көрсетілген шарттардың орындалғаннан кейін, салық органы таратылатын салық төлеуші бойынша салық берешегi, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешек жоқ (бар) екендiгi туралы мәлiметтер жiбередi.

Қызметін тоқтатқан дара кәсіпкердің салық міндеттемесі салық берешегi, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешек болмаған немесе өтелген, камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар толық көлемде жойылған жағдайда камералдық бақылау жүзеге асырылғаннан кейін орындалды деп есептеледі.

Салық органы салық міндеттемесі орындалғаннан кейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей, дара кәсіпкерді тіркеу есебінен шығару туралы шешім қабылдайды.

Дара кәсіпкерді тіркеу есебінен шығару туралы ақпарат уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.

 

 

Аудит басқармасы

Ақтөбе облысы бойынша МКД