Жарияланған күні: 14.09.2017 11:52
Өзгертілген күні: 14.09.2017 11:53

«Этил спирті мен алкоголь өнімнің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының9 бабының 3 тармағы, 6 тармақшасына сәйкес «Есепке алу-бақылау маркаларының қорғау элементтерін  айқындайтын және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалануға жататын алкоголь онімінің есепке алу-бақылау маркаларынан ақпаратты оқитын «Аспаптары болмаса, сақтауға және өткізуге тыйым салынады»

Осыған орай, Сізге жоғарыда айтылған шарттарды алкоголь өнімдерінің есептік-бақылау маркаларынан ақпаратты оқуға арналған Қазақстан Республикасында сертификатталған «WIPON PRO» жүйесі арқылы орындауыңызды қамтамасыз ету қажет.

Яғни Apple App Store мен Google Play Market-те қолжетімді «Wipon Pro» мобильді қосымшасын жүктеп, орнатуыңыз қажет. Мобильді қосымша ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап 1 жылдық абоненттік төлем ақысы 8000 тг. Қазіргі таңда қосымшаны қолдану тегін көрсетіледі. Онымен қоса, тамыз айының соңынан бастап қосымшаны жеке компьютер, ноутбук және мобильді компьютер арқылы тегін қолдануға мүмкіндігіңіз бар.

Жоғарыда айтылғандағыдай Сізге «WIPON PRO» жүйесін жүктеп, тіркелуңіз қажеттігін хабарлаймыз.

Сондай-ақ «Әкімшілік құқық бұзышылықтар туралы» Қазақстан Республикасының Кодексімен жоғарыда айтылған заң талаптарын орындамаған жағдайда әкімшілік жазамен қоса акцизді тауарларды тәркілеумен бірге жеке тұлғаларға - 50 АЕК, шағын бизнеспен айналысатын кәсіпкерлерге - 70 АЕК, орта бизнеспен айналысатын кәсіпкерлерге - 100 АЕК, ірі бизнеспен айналысатын кәсіпкерлерге - 200 АЕК, ірі бизнеспен айналысатын Заңды тұлғаларға – 600 АЕК айыппұл көрсетілген.

 

 

Ақтөбе облысы бойынша
мемлекеттік кірістер департаментінің
акциздерді әкімшілендіру бөлімі