Жарияланған күні: 13.06.2019 18:03
Өзгертілген күні: 13.06.2019 18:16

           ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің Ақтөбе облысы бойынша кірістер департаменті 2018 жылдың 1 қаңтар жұлдызынан бастап алкоголь өнімдерін сақтау, көтерме және болшек сауда жүргізу қызметін атқаратын салық төлеушілер лицензияны пайдалану төлемін (әрі қарай-төлем) төлеу керектігін ескертеді.Төлем әр жыл сайын тұрғылықты орналасқан жері бойынша  ағымдағы жылдың 25 наурызына, 25 маусымға, 25 қыркүйекке және 25 желтоқсанға дейін тең бөлу арқылы төленеді .

         Лицензияны пайдалану төлемдерін төлеушілер тұрғылықты орналасқан жеріне байланысты бюджетке 105434 БСК арқылы  жүргізуге тиісті.