Жарияланған күні: 04.07.2018 19:06
Өзгертілген күні: 04.07.2018 19:07

Салық төлемеген берешегі бар тұлғалар банктерде шот аша алмайды. Салық кодексіне енгізілген өзгерістерге байланысты 2018 жылғы 1 шілдеден бастап екінші деңгейлі банктер мен банктік операциялардың кейбір түрлерін жүзеге асырушы ұйымдар салықтық берешегі бар, әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі бар салық төлеушілерге банктік шотты ашудан бас тартуы қажет.   

      Соынмен, 2018 жылғы 1 шілден бастап салықтық берешегі бар тұлғалар банктік шотты аша алмайды, демек, аударымдарды жүзеге асыра алмайды, сайда үйлерінде техниканы бөлшектеп төлеуге және несиеге ресімдей алмайды және т.б..    Онан басқа, 1 шілдеден кейін жұмысқа орналасқан жағдайда жалақыларын ала алмайды, себебі бүгінде жұмыс берушілердің басым бөлігі жалақыны жұмысшының банк шотына аударуда.

      Салық төлемеумен байланысты жайсыз жағдайларды болдырмау үшін жақын арада салықтық берешекті өтеуге шақырамыз.  

     Салықтық берешектің бар/жоғы туралы мәліметті kgd.gov.kz сайтынан немесе тұрғылықты жердегі салық органынан білуге болады.