Жарияланған күні: 14.07.2017 18:44
Өзгертілген күні: 14.07.2017 18:45

«Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы» СЕН 200.00 мен СЕН 210.00 біріктіру бойынша

  «Шетелдіктер  мен азаматтығы  жоқ  тұлғалардың  табыстарынан жеке табыс салығын есептеу» 200.02-нысанын жасау

           Бұл нысан салық агентінің шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалардың табыстарынан жеке табыс салығының сомасын есептеуіне арналған. Нысан шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғаларға қатысты табыс етіледі. Нысан тоқсан қорытындысы бойынша және Декларациясымен бірге сондай-ақ «Тарату» декларациясы түрінің 4-торкөзіне белгі қоюмен декларацияны ұсыну кезінде жасалады.

        «Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалардың табыстарынан жеке табыс салығын есептеу» деген бөлімде:

А бағанда кезекті реттік нөмірі қойылады;

В бағанда есепті тоқсанда табыстар есептелген, төленген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалардың тегі, аты-жөні (болған кезде) көрсетіледі;

C бағанда шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалардың жеке сәйкестендіру нөмірлері көрсетіледі;

D бағанында резиденттік белгісі көрсетіледі «1» - резидент, «2» - бейрезидент;

      E бағанында  шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалардың резиденттік елінің коды көрсетіледі. Елдің коды Кеден одағы комиссиясының  2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 шешімімен бекітілген 22 «Әлем елдерінің жіктеуіші» қосымшасында белгіленген екі таңбалы әріптік кодтауға сәйкес көрсетіледі. Мысалы KZ – Қазақстан Республикасы, DE – Германия Федеративтік Республикасы, GB – Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия құрама корольдігі;

F бағанында  шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалардың резиденттік еліндегі салықтық тіркеу нөмірі көрсетіледі.

Осы баған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалардың салықтық тіркеу нөмірі болған кезде толтырылады;

G бағанында шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалардың жеке басын куәландыратын құжат түрінің коды, сондай-ақ осындай құжаттың нөмірі мен берілген күні көрсетіледі;

Декларацияны толтырған кезде шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалардың жеке басын куәландыратын құжат түрлерінің мынадай кодтарын пайдалану қажет:

01 – шетел азаматының төлқұжаты;

02 – шетел азаматының жеке куәлігі;

04 – ықтиярхаты;

05 – басқа да кұжаттар.

H бағанында  осы  Қағидалардың 33-тармағына  сәйкес шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғаларға төленетін табыс түрінің коды көрсетіледі;

I бағанында осы  Қағидалардың 34-тармағына сәйкес халықаралық шарт түрінің коды көрсетіледі, осыған сәйкес М бағанында көрсетілген табысқа қатысты, Салық кодексінде белгіленген тәртіптен ерекшеленетін салық салу тәртібі қарастырылған.

Баған, егер салық төлеуші мемлекетаралық немесе үкіметаралық шарттың ережелерін қолданған жағдайда, толтырылады;

J бағанында  егер салық  агенті  K бағанында халықаралық шарт түрінің  кодын 22 «Өзге де халықаралық шарттар (келісімдер, конвенциялар)» деп көрсеткен жағдайда толтырылуға жататын халықаралық шарттың атауы көрсетіледі.

Баған, егер салық төлеуші мемлекетаралық немесе үкіметаралық шарттың ережелерін қолданған жағдайда, толтырылады;

K бағанында халықаралық шарт жасасқан елдің коды көрсетіледі.

Елдің коды Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі          № 378 шешімімен бекітілген 22 «Әлем елдерінің жіктеуіші» қосымшасында белгіленген екі таңбалы әріптік кодтауға сәйкес көрсетіледі.

Баған, егер салық төлеуші мемлекетаралық немесе үкіметаралық шарттың ережелерін қолданған жағдайда, толтырылады;

L бағанында халықаралық шартта немесе Салық кодексінің 194,
158-бабыларында белгіленген төлем көзінен ұсталатын табыс салығының ставкасы көрсетіледі;

M  бағанында  шетелдіктер  мен  азаматтығы жоқ тұлғаларға есептелген табыстар, оның ішінде материалдық пайда түрінде, сондай-ақ Қазақстан  Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыс берушімен жасасқан азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша алынған табыстарды, оның ішінде Салық кодексінің 156-бабы 1-тармағының 24) тармақшасында көрсетілген табыстарды қоспағанда, Салық кодексінің 156 және 200-1-бабыларында көрсетілген көрсетілген табыстарды қоса алғанда, қызметкердің жұмыс берушіден ақшалай немесе заттай нысанда алған табыстары көрсетіледі.

N бағанында Салық кодексінің 166-бабы 1-тармағының
1) тармақшасында
белгіленген салықтық шегерім көрсетіледі;

          O бағанында Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасына сәйкес шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалардың табыстарынан есептелген және Салық кодексінің 166-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес шегерімге жатқызылатын міндетті зейнетақы жарналарының сомасы көрсетіледі;

 P бағанында Қазақстан Республикасының Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңына сәйкес шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін есепті тоқсанның әр айы үшін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударуға жататын міндетті кәсіби зейнетақы жарналарының сомасы көрсетіледі;

 Q бағанында Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасына сәйкес шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар өз пайдасына енгізетін және Салық кодексінің 166-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес шегерімге жатқызылатын ерікті зейнетақы жарналары көрсетіледі;

 R бағанында жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар өз пайдасына енгізген және Салық кодексінің 166-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес шегерімге жатқызылатын сақтандыру сыйлықақыларының сомалары көрсетіледі;

S бағанында шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында тұрғын үй жағдайын жақсарту жөнiндегi iс-шараларды жүргiзуге тұрғын үй құрылыс жинақ банктерiнен алған қарыздары бойынша сыйақыны өтеуге бағытталған және Салық кодексінің 166-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес шегерімге жатқызылатын сомалар көрсетіледі;

Т бағанында Салық кодексінің 166-бабының 6-тармағына сәйкес белгіленген мөлшерде және шарттарда медициналық қызметтерге (косметологиялық қызмет көрсетулерден басқа) ақы төлеуге жұмсалатын және Салық кодексінің 166-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес шегерімге жатқызылатын шығыстар көрсетіледі;

 U бағанында шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалардың Салық кодексінің 156-бабы 1-тармағының 24) тармақшасында көрсетілген табыстарын қоспағанда, Салық кодексінің 156 және 200-1-бабыларына сәйкес салық салуға жатпайтын табыстары көрсетіледі;

 V бағанында есепті тоқсан үшін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалардың табыстарынан есептелген жеке табыс салығының сомалары көрсетіледі;

 W бағанында Салық кодексінің 156-бабы 1-тармағының
24) тармақшасында
көрсетілген табыстарды қоспағанда, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғаларға салық кезеңінде төленген табыстар көрсетіледі;

 Х бағанында міндетті зейнетақы жарналарын және Салық кодексінің 156-бабы 1-тармағының 24) тармақшасында көрсетілген табыстарды қоспағанда, Салық кодексінің 357-бабының 2-тармағына сәйкес әлеуметтік салық салынбайтын табыстар көрсетіледі;

 Y бағанында әлеуметтік салық салынатын барлық табыстар көрсетіледі. Y бағаны жолдарының шамасы Салық кодексінің 357-бабы                     3-тармағының ережелерін ескере отырып, анықталады;

 Z бағанында есепті тоқсан үшін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалардың табыстарынан есептелген әлеуметтік салықтың сомасы көрсетіледі;

 AA бағанында Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы Заңға сәйкес айқындалатын, әлеуметтік аударымдар есептелетін жұмыс берушінің шығыстары көрсетіледі;

 AB бағанда Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы Заңға сәйкес есептелген әлеуметтік аударымдардың сомасы көрсетіледі.

 АС бағанында Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңына сәйкес, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналары мен аударымдарының сомасы көрсетіледі. АС бағаны Міндетті әлеуметтік медициналық  сақтандыру туралы заңға сәйкес, 2017 жылғы 1 шілдеден бастап толтырылуға жатады.

                                                              Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік        

                                                              кірістер департаменті