Жарияланған күні: 05.03.2018 11:15
Өзгертілген күні: 05.03.2018 11:17

Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті жаңа салық заңнамалары бойынша түсіндіру жұмыстарын күшейту мақсатында 2018 жылдың наурыз айының 2-ші жұлдызында Ақтөбе қаласының «Сабыр» базарының кәсіпкерлеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Сонымен қатар кездесу барысында бақылау-касса машиналары оның ішінде деректерді беру функциясы бар және  POS-терминалдар бойынша толық мәліметтер беріліп, осы бағыттағы орын алған заңбұзушылықтар бойынша жауапкершіліктер туралы да айтылып өтілді.