Жарияланған күні: 09.08.2018 16:10
Өзгертілген күні: 09.08.2018 16:11

Бүгінгі күнде Ақтөбе қаласы бойынша жеке тұлғалардың атында 100570  көлік құралдары тіркелген, сондай-ақ әр бір 5-ші қала тұрғынында өз құқығында автокөлігі бар.

         Одан басқа айта кететін жайт, 2018 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша 17,0 мың көлік жүргізушісінің атында көлік құралдары салықтарынан берешектер бар, салық берешектері 321,3 млн теңгені құрайды, оның ішінде 60,7 млн теңгеге 108 автокөлік иесі бойынша жол талғамайтынқымбат  автокөліктер бар.

Мысалға, Японияда құрастырылған жол талғамайтын бір көлік жүргізушісінде қозғалтқышының көлемі 4,6 куб. сантиметірден жоғары бойынша салық берешегі салық өсімімен бірге 1,5 млн теңгені құрайды.

         Бұл борышкерлердің салық берешектерін өндіру үшін, барлық шаралар қолданылды, салық бұйрығы шығарылды, сонымен қатар банктік есеп шоттарының қозғалысы тоқтатылды, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға тиым салынды.

         Мемлекеттік кірістер департаменті 1 қыркүйектен бастап, жеке тұлғалардың көлік құралдары бойынша борышкерлердің тізімінбұқаралық ақпарат құралдарында жариялайтын болады.

         Ескере кететін жағыдай, бұл тізімде біздің облысқа танымал адамдар да бар.

         Осыған орай, Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық берешектері барбарлықавтокөлік иелерін салық міндеттемесін уақытылы орындауға және салық төлеуге шақырады.

         Қосымша хабарлаймыз,салықтық берешегініңжоқ (бар) екендігі туралы мәліметтерді арнайы ғаламтор-ресурсынан ҚР ҚМ МКК–нің https://kgd.gov.kz/ru/app/culs-taxarrear-search-web) сайтынан немесе электронды үкімет Egov.kz «Қаржы және салық» - «Төлем және қарау» арқылы білуге болады.

         Одан басқа,әр бір азамат өздерін борышкерлер тізімінен,Қазақстан Республикасы шегінен шығуы уақытша шектелген тұлғалардың Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің арнайы ғаламтор-ресурсы(ссылка:http://www.adilet.gov.kz/ru/kisa/zapret) арқылы білуге болады.