Жарияланған күні: 17.05.2018 19:01
Өзгертілген күні: 17.05.2018 19:02

Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті хабарлайды:

       Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті пилоттық жобаның шеңберінде мемлекеттік қызметтерді алу рәсімдерін оңтайландыруға және оңайлатуға бағытталған мемлекеттік көрсетілетін қызметті экстерриториялық  қағидат бойынша көрсетуді енгізу жұмыстарын жүргізуде.

       Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында мемлекеттік көрсетілетін қызметтің экстерриториялық  қағидаты бойынша пилоттық жоба 2016 жылғы 1 сәуірден бастап жұмыс істеп тұр.

       2017 жылдың 17 сәуірден пилоттық жоба Ақтөбе, Қарағанды, Павлодар облыстарында жұмыс істеп тұр.

      2018 жылдың 1 сәуірден пилоттық жоба Атырау, Батыс-Қазақстан, Оңтүстік- Қазақстан облыстарының аумағында өткізілуде.

      Пилоттық жобаны өткізу ушін мемлекеттік көрсетілетін қызметтің 12 түрі іріктеліп алынған.

      Мемлекеттік кірістер органдары бөлімшелерінің өзара іс-қимылының жалпы бизнес процесі «Мемлекеттік кірістер органдарының мемлекеттік көрсетілетін қызметті «экстерриториялық»  қағидаты бойынша көрсету кезіндегі өзара іс-қимыл тәртібімен» регламенттеледі.

       Экстерриториалық дегенбұл салық төлеушінің тіркелген орнына және орналасқан жеріне қарамастан ақпаратқа, сервиске және қызмет алуына қол жеткізудегі еркіндігі.

       Экстерриториялық  қағидаты бойынша  қызметтерді көрсету пилоттық жоба , біртұтас сұраныстардың иелігін көрсетті.

       2018 жылдың 1.01.- 30.04. кезеңінде Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармаларымен экстерриториялық  қағидаты бойынша 208 мемлекеттік қызметтер көрсетілді.

       Қызметтердің 12 түрінен салық төлеушілер қызметтердің 3 түріне жүгінген.

       Сұраныстардың иелігінің мемлекеттік қызметтердің келесі түрлері нағыз болып көрінді:

  • Дара  кәсіпкерді  тіркеу есебі – 26 қызмет көрсетілді.
  • Жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушіні  тіркеу есебі- 6 қызмет көрсетілді.
  • Салықтардың, бюджетке төленетін  басқа да міндетті төлемдердің, өсімпұлдардың, аыйыппұлдардың төленген сомаларын есепке жатқызуды және қайтаруды жүргізу – 176 қызмет көрсетілді.

        

Ақтөбе облысы бойынша

Мемлекеттік кірістер департаментінің

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер                                                                              

басқармасы