Жарияланған күні: 15.06.2017 16:59
Өзгертілген күні: 15.06.2017 17:00

 Салық төлеушілердің назарына

 

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті экстерриториялық  қағидаты бойынша көрсетудің пилоттық  жобасы

 

         Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Мемлекеттік көрсетілетін қызмет басқармасы  хабарлайды:

         Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті пилоттық жобаның шеңберінде мемлекеттік қызметтерді алу рәсімдерін оңтайландыруға және оңайлатуға бағытталған                                  мемлекеттік көрсетілетін қызметті экстерриториялық  қағидат бойынша көрсетуді енгізу жұмыстарын жүргізуде.

          Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында мемлекеттік көрсетілетін қызметтің экстерриториялық  қағидаты бойынша пилоттық жоба 2016 жылғы 1 сәуірден бастап жұмыс істеп тұр.

          Қазірде пилоттық жоба кеңейтілген және  Ақтөбе, Қарағанды, Павлодар облыстарының аумағында өткізілуде.

          Мемлекеттік кірістер органдары бөлімшелерінің өзара іс-қимылының жалпы бизнес процесі «Мемлекеттік кірістер органдарының мемлекеттік көрсетілетін қызметті «экстерриториялық»  қағидаты бойынша көрсету кезіндегі өзара іс-қимыл тәртібімен» регламенттеледі.

          Экстерриториялық деген – бұл салық төлеушінің тіркелген орнына және орналасқан жеріне қарамастан ақпаратқа, сервиске және қызмет алуына қол жеткізудегі еркіндігі.

          Аудандардағы және Ақтөбе қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармаларымен салық төлеушілер арасында экстерриториялық қағидат бойынша қызмет алу мүмкіндігі туралы ақпараттандыру жұмыстары жүргізілуде.

 

 

Ақтөбе облысы бойынша

Мелекеттік кірістер департаментінің

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет      

басқармасы