Жарияланған күні: 21.11.2017 10:09
Өзгертілген күні: 21.11.2017 10:09

 

Ақтөбе қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы бюджетті толықтыруды қамтамассыз ету мақсатында, қосымша резервтерді анықтау жұмыстарын жүргізген болатын.

Салық қызметкерлері жеке және заңды тұлғалардың, құрылымдық бөлімшелердің, онымен қоса шаруа қожалықтар мен фермерлік шаруашылықтың  тұрғын үй емес ғимараттары және обьектілері туралы уәкілетті орган яғни Ақтөбе облысы бойынша Әділет департаментті тарапынан  жыл сайынғы  беріліп отырған ақпараттарына сүйене отырып, жүйелі түрде тұрғын үй емес, комерциялық мақсатта қолданылатын обьектісі бар жеке тұлғаларға, дара кәсіпкерлерге қатысты камералдық бақылау жүргізеді. Осы камералдық бақылау нәтижесінде біраз заңбұзушылықтар анықталды.

Жоғарыда аталған уәкілетті органның 2016 жылығы берген мәліметін, 2016 жылға  мүлік салығы бойынша тапсырылған есеп-қисабын салыстыру барысында  жеке мүлкі бар 1744 салықтөлеушінің мүлік салығы бойынша салық есебін тапсырмағандығы белгілі болды. Оның 1022 дара кәсіпкер болса қалғаны жеке тұлғалар.  Осы аталған тұлғаларға қатысты анықталған мәліметтерді басшылыққа алып салық қызметкерлері салық есептілігі тапсырылмағандығы жөнінде хабарлама жолдады.

Алайда мұндай хабарламалар барлық салықтөлеушілердің мүлік салығы бойынша салық есептілігін тапсыру керек деген сөз емес.Егер де салықтөлеушінің қандай да дәлел ретіндегі расталатын құжаты болса хабарламаны алған күннен бастап 30 жұмыс күні ішінде жауап беру керек. Қалған комерциялық мақсатта қолданылатын тұрғын үй емес обьектісі бар салықтөлеушілер 700 нысандағы салық есептілігін тапсыруға міндетті.

Декларация- есептi жылдан кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрілмей табыс етiледi.

Комерциялық мақсатта тұрғын үй емес ғимараты бар (жертөлелер, жалғастыра салынған салқын үй, жапсарлай тұрғызылған қора-қопсы, гаражды қоспағанда) Жеке тұлғалар, дара кәсіпкерлер және оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимін қолданатын заңды тұлғалар ҚР Салық заңнамаларына сәйкес өздігімен салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді, салық базасы мен салық мөлшерлемелерін негізге ала отырып, салықтың және бюджетке төленуге жататын мүлік салығының сомасын есептейді және төлейді, осы салық бойынша салық есептілігін ұсынады.Мүлік салығын салық базасының 0,5 пайыз мөлшерлемесі бойынша жүргізеді.

Сатып алуға, өндіруге, салуға, монтаждауға, орнатуға, реконструкциялауға және жаңғыртуға жұмсалған, сондай-ақ мәмілелер бойынша алынған, бағасы (құны) белгісіз не өтеусіз, салық салу объектілері бойынша шығындарды растайтын бастапқы құжаттар болмаған кезде аталған төлеушілердің салық салу объектісінің нарықтық құны салық базасы болып табылады.

Атқарылған жұмыстар бойынша статистикалық деректерге тоқталар болсақ:

2017 жылдың қараша айының 9 күнгі жағдайына, барлығы 487 салықтөлеушіден 52 025,3 мын тенге,

Жер салығы бойынша 166 салықтөлеушіден 5 916,6 мын тенге,

Жалға берілген жер бойынша 14 салықтөлеушіден 2 009,4 мын тенге бюджетке салық ретінде қамтамассыз етілді.

Жеке тұлғаларға тоқталар болсақ, барлығы 722 салықтөлеуші 12 112,3 мың тенге көлемінде салық төлесе,

Жер салығы бойынша 197 тұлға 2 812,7 мың тенге қосымша бюджетке кіріс алып келді.

Қалған  салықтөлеушілерге қатысты тиісінше жұмыстар атқарылуда.