Жарияланған күні: 29.08.2018 18:01
Өзгертілген күні: 29.08.2018 18:03

 

Қазақстанда биылғы жылдын 1-ші тамызынан бастап 30 қыркүйек аралығында дәстүрл іжалпы республикалық «Мектепке жол!» қайырымдылық акциясы  өткізілуде.

Іс шараның басты міндеті - көп балалы және жағдайы төмен отбасы мектеп жасындағы балаларды жаңа оқу жылына әзірлеу.

Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшылары «Мектепке жол» акция шеңберінде көп балалы  және аз қамтылған отбасынан  2 оқушыға  материалдық көмек көрсетті:

 

  • Ербулатова Адель, №47 мектеп 7 сынып оқушысы;
  • ЕрмахановаТлекқаракат, №8 мектеп 1 сынып оқушысы.

 

Әр баламен бірге жаңа оқу жылына қажетті (мектеп формасы, спорт киімі, жылы жемпір, сырт куртка, аяқ киім, портфель және барлық мектепке қажетті құрал саймандары толық алынды).

 

 

Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшылары оқушылармен ата-аналарына зор денсаулық, жаңа оқу жылында жақсы  жетістіктерге жетулеріне тілек білдірді.

«Балаларға бақыт пен қуаныш сыйлау- біздің өмірлік басты міндетіміз!» - ұйымдастыру қаржы басқармасының бас маманы Дария Қаңтарбайқызы Балгарина.

 

Ақтөбе облысы бойынша

Мемлекеттік кірістер департаменті