Жарияланған күні: 14.11.2017 12:43
Өзгертілген күні: 14.11.2017 12:44

Қазіргі таңда қылмыстық процесті жаңғырту бойынша жұмыстар жүргізілуде, оның ролі азаматтардың құқықтарын сақталуына және қылмыстық процестің шынайылығын қамтамасыз ету болып табылады. Аталған өзгерістер бірінші кезекте азаматтардың құқық қорғау органдарына сенімділігін арттыруға бағытталған.

Қазақстан Республикасының қылмыстық процестік негіздерін жаңарту заңнамалық актілеріне енгізілетін қосымшалармен толықтырулар келесі 5 негізгі бағытты қамтиды:

- адам құқығын қорғауды нығайту,

- тараптардың жарыспалылығын арттыру, қорғаушылардың құқықтарын арттыру,

- тергеу процессін жеңілдету және оны үнемділігін қамтамасыз ету,

- соттық бақылауды кеңейту,

- сондай-ақ тергеу органдары, прокуратура мен соттың арасында құзыреттілікті нақты бөліп оның қайталануын болдырмауға бағытталған.

Заң жобасы азаматтар үшін маңызды сұрақтарды реттейді.

Басты өзгерістерді атап өтсек:

1. Қазақстанда азаматтарды сот санкциясынсыз ұстау мерзімін 72 сағаттан 48 сағатқа дейін қысқарту жоспарланып отыр. Ал кәмелетке толмағандарды 24 сағаттан артық ұстауға болмайды.

Санкциясыз ұстау мерзімін 72 сағаттан 48 сағатқа дейін азайту ұсынылып отыр. Іс жүргізуді жетілдірудің үлкен жетістіктерінің бірі. 48 сағат –бұл әлемдік тәжірибе.

72 сағат тек қана келесі қылмыстар бойынша қолданылады:

  • аса ауыр қылмыстар,
  • террористік немесе экстремистік қылмыстар,
  • қоғамдық ретсіздік,
  • ұйымдасқан топтар,
  • есірткі заттарының айналымы, өлімге алып келетін қылмыстар.

2. Экономикалық қылмыстар бойынша «қамауда ұстау» шарасы қолданылмайды.

Аталған қылмыстар адамдардың өміріне қауіп төндірмейді. Сонымен бірге, жалған ақша жасау, контрабанда, қаржылық пирамидалар және ұйымдасқан қылмыстық топтар, рейдерлік қылмыстары бойынша «қамауда ұстау» шарасы қолданылады.

Бұдан бөлек, заңнамалық актіден Кодекске салықтық тексеру актісі немесе ревизия қорытындысы, жасалған мәміленің жалған екендігін растайтын сот шешімі болмаған кезде сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастауға болмайтындығы енгізілген.

3. Қылмыстық істерді тергеудің электронды форматқа көшуі.

         Бағдарлама қылмыстық процестің барлық сатысын қамтиды: қылмыстың тіркелуінен бастап, оның тергелуі және үкім орындалғанға дейін.

         Тергеушілердің жұмысын жеңілдету анық көрінеді. Бұрын соттың санкциясын 3 тәулік күтсек, қазіргі таңда бірнеше сағатта алуға болады.

         Әр жүйеге кіру, тергеушінің әрбір әрекеті компьютермен қадағаланады. Жаңа жүйе өзгерістер мен жалған мәліметтерді енгізуге жол бермейді.

 

Ақтөбе облысы бойынша МКД

Экономикалық тергеу қызметі