Жарияланған күні: 08.11.2017 15:54
Өзгертілген күні: 08.11.2017 15:55

Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті  Ағымдағы жылдың 10-шы қарашасына дейін Бірыңғай жер салығын, әлеуметтік салықты, төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығын, жер бетіндегі көздердің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақыны төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеу (аудару) мерзімі аяқталатынын ескертеді.

         Онымен қатар 2017 жылдың қараша айының 15 нен  кешіктірілмей2017 жылдың 3 тоқсанының, 200 нысандағы Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларациясын және 300 нысандағы Қосылған құн салығы бойынша салық есептілігін салық төленетін жердегі салық органдарына табыс етілетіндігі  және де осы аталған салық есептілігі бойынша төлемдер 2017 жылдың қараш айының 25 жұлдызынан кешіктірілмей төленуі керктігін хабарлайды.