Жарияланған күні: 16.11.2017 16:49
Өзгертілген күні: 16.11.2017 16:50

Бүгін Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінде ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы А.М. Теңгебаевпен кездесу болып өтті.

Кездесу барысында мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы сөз сөйлеп, ағымдағы жылға жоспарланған жұмыстарды ойдағыдай аяқтауға нақтылы тапсырмалар жүктеді.

Онымен қоса сыбайлас жемқорлықты болдырмау және оның алдын алу бойынша бағыт, бағдар беріп, Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің мамандры тарапынан қойылған біршама сұрақтарға жауап берді.