Жарияланған күні: 12.07.2017 18:54
Өзгертілген күні: 13.07.2017 13:05

Кедендік төлемдерден жалтарып көлік құралдарын әкелу әрекеттері 2012-2015 жылдары өте көп таралды. Мінекей, сол кезеңдегі көлік әкелудің - 4 әйгілі қылмыстық сызбасы.

Көбінесе автокөліктер біріншіден Еуропадан (Литва, Польша, Германия және т.б.) Беларусь Респуликасына әкелінді және сол жақтан жалған құжаттар бойынша кедендік тазартудан өткізілмей Қазақстан Республикасына жолданды. Бұл жақтан оларды беларусь техникалық құжаттары негізінде таратып, көлік полициясы органдарында тіркеліп үшінші тұлғаға қайта сатылды.

Көрші елдің автокөліктері, енді Қырғыз Республикасы одағынан уақытша әкелу бойынша Қазақстан Республикасында болып табылды және қазақстандықтарға сенімхат бойынша қайта сатылды. Дегенмен, Кеден одағы елдерінде уақытша әкелінген автокөліктерге басқару құқығын беру, өзге тұлғаға кедендік төлемдер мен салықтарды толығымен төленгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Сонымен қатар, «оралман» статусы бар азаматтардың меке жайына Монғолия Республикасынан көліктерді әкелу және жеңілдетілген тәртіппен ресімдеу жүргізу әйгілі болды. Дегенмен бұған қоса6 көлік құралдарын тіркеу туралы құжаттар мен «орламан» куәліктері жалған болып шықты. Қазақстанда осындай көліктер өзге тұлғаға әдеттегідей сатылады.

Бұдан басқа, контрабандистер ресми дұрыс құжаттары бар қозғалыста қызмет атқарып жүрген көліктердің агрегаттарының номерлеріне (қозғалқыштар, шасси, шанақтар) сәйкестендіріп қайта жасайды. Осылайша автокөлікті сатып алушыға күдік келтірмейтіндей етіп «екінші көшірмесін» қалыптастырып шығарады.

Қылмыстық сызбаны пайдалану кезінде нақты құнынан 15-30% құрайтын пайда келтіретінін ескеру қажет, ал бұған қоса тәуекел – мемлекет пайдасына автокөлікті конфискациялау болып табылады.

Монғолия Республикасынан автокөліктерді әкелу қылмыстық сызбасына қатысты, ескеру қажет, Ресей Федерациясы кеден органдары мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер органдарының өзара іс-қимыл жұмыстары қорытындысы бойынша Еуразиялық экономикалық одақтың аумағына уақытша әкелінетін көлік құралдарын заңсыз алу және оларды кедендік төлемдерді төлемей Қазақстан Республикасының аумағына жалған құжаттар бойынша бұдан әрі ресмилендіру (жекешелендіру) бойынша сызба расталып және белгіленді.

         Бар ақпараттар бойынша осы проблемалар 2012 жылы Монғолия Республикасының азаматтары бір уақытта автокөліктерді уақытша әкелуді ресімдей бастаған уақытта және оларды Қазақстан Республикасының аумағына тасымалған кезде туындаған.

         Монғолия Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасына уақытша әкелінетін көліктерді үшінші тұлғаға қажетті кедендік рәсімдерді жүзеге асырмай жолдағандығы туралы анықталды. Кейіннен осындай көлік құралдары заңсыз құжаттар бойынша Қазақстан Республикасы жол полициясы органдарына есепке алуға қойылды, бұған қоса, автокөлік құралдары қазіргі уақытқа дейін кеден органдарының бақылауында болып қалуы жалғасуда.

         Ресей Федерациясы кеден органдары мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер органдарының өзара іс-қимыл жұмыстары аясында жалған құжаттар бойынша жол полициясы органдарына есепке қойылған автокөлік құралдары анықталды.

         Уақытша әкелінетін көлік құралдарына қатысты Еуразиялық экономикалық одаққа қатысушы елдердің уәкілетті кеден органдары арасында ақпарат алмасу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы тарапынан уәкілетті кеден органы болып табылатын – Ақтөбе облысы бойынша МКД мамандандырылған бөлімшесі ретінде «Ақтөбе» мамандандырылған бекеті» кеден бекетімен 2016 жылы маңызды жұмыстар атқарылды. 

Мысалы, уақытша әкелінетін көлік құралдарына қатысты Ресей Федерациясы кеден органдарының сұрауларын өңдеу барысында, кеден бекетімен Еуразиялық экономикалық одақтың кеден аумағына уақытша әкелінетін көлік құралдарын жалған кедендік құжаттар бойынша ҚР ІІМ Әкімшілік полициясы комитетінің органдарына есепке қою айғақтары анықталды. Көрсетілген айғақтар бойынша материалдар шешім қабылдау үшін Ақтөбе облысы бойынша МКД-ның уәкілетті құрылымдық бөлімшесіне жолданды.

Осы мақаланы қорытындылай келе, мысалға келтірілген әкелу қылмыстық сызбасының өзекті мәселе болып табылатынын ескере отырып, парасатты қазақстандықтарға, өзге елден бұдан бұрын әкелінген автокөлік құралдарын сатып алу кезінде сақ болу керектігі туралы кеңес бергім келеді.

Өзімізді қауіпсіз ету үшін, Ресей Федерациясы, Қазақстан Республикасы және Беларусь Республикасынан кедендік тазартудан өткендігін және Кеден одағына қатысушы елдердің аумағына әкелінген жеңіл автокөліктерді кедендік ресімдеу жүргізілгендігі туралы ақпаратқа тексеру жүргізуге болады. Аталған ақпаратты http://customsonline.ru сайтының «VIN бойынша көлікті тексеру» қосымшасынан тексеруге болады. Бұл үшін іздеу бағанына көлік құралының VIN енгізу жеткілікті және мәліметтер базасындағы бар ақпараттар қарау үшін ұсынылады. 

 

 

 

                                                           Ақтөбе облысы бойынша МКД

                                                 «Ақтөбе» мамандандырылған бекеті»