Жарияланған күні: 23.05.2017 14:52
Өзгертілген күні: 23.05.2017 14:53

Кеден одағының кеден шекарасынан жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған тауарларын өткізу бойынша

 

Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті «Әуежай-Ақтөбе» кеден бекетінің ұйымдастыруымен 2017ж. 16 мамырында халықаралық Әуежай-Ақтөбе АҚ ғимаратында жоспар бойынша «дөңгелек стөл» өткізілді.Тақырыбы:Кеден одағының кеден шекарасынан жеке тұлғалардың өткізетін тауарларды жеке пайдалануға арналған тауарларға жатқызудың критерийлерін бекіту туралы. «Дөңгегек стөл» отырысына «Әуежай-Ақтөбе» кеден бекеті қызметкерлері,кедендік бақылау басқарма басшысы,Шекара бақылау пункті бастығы, «ХӘА» қызметкерлері, авиакомпания және туристік компания өкілдері қатысты.

2015 жылғы 2 мамырда «Кеден одағының  кедендік шекарасы арқылы жеке тұлғалар алып өтетін тауарларды жеке пайдалануға арналған тауарларға жатқызу критерийлерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 250 бұйрығы күшіне енді. Аталған бұйрық жеке тұлғалардың Кеден одағының  кедендік шекарасы арқылы тауарларды жеке пайдалану үшін иесімен жөнелтілмейтін багажбен және иесімен бірге жөнелтілетін багажбен алып өтумен байланысты болатын құқықтық қатынастарды реттейді.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылдың 11 қаңтары күнгі №12  бұйрығына сай «Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы жеке тұлғалар өткізетін тауарларды жеке пайдалануға арналған тауарларға жатқызудың критерийлерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 250 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10120 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 21 сәуірде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілді:

Кеден одағының кедендік аумағына алып жүретін және алып жүрмейтін багажда жеке тұлғалар әкелетін тауарлардың сипаттамасы мен санына, сондай-ақ тауарларды өткізу жиілігіне байланысты, жеке пайдалануға арналған тауарларға жатады, егер:олардың саны мынадай көрсеткіштерден аспаса:ЕАЭО СЭҚ ТН 4303 10 тауар позициясында жіктелетін ан терісінен жасалған бұйымдар (оның ішінде бас киімдер) – бiр адамға бiр атаудағы, мөлшердегi және үлгiдегi 1 (бiр) зат;

ұялы телефон, смартфон – бір адамға 2(екі) бірлік;

планшет – бір адамға 2 (екі) бірлік;

портативті тасымалданатын компьютерлер және олардың керек-жарақтары (ноутбук, нэтбук) – бір адамға 1 (бір) бірлік;

зергерлiк бұйымдар – бiр адамға 5 (бес) зат;

велосипед – бiр адамға 1 (бір) дана;

бала арбасы – бiр адамға 1 (бір) дана;

2) Кеден одағының кедендік шекарасы  арқылы жеке тұлғаның өту және (немесе) оның тауарларды өткізу жиілігі айына 1 (бip) реттен аспаса.

2. Кеден одағының кедендік аумағына кез келген тәсілмен әкелінетін жеке пайдалануға арналған көлік құралдары, егер олардың саны жылына 1 (бір) бірліктен асса кәсiпкерлiк қызмет мақсатына арналған деп қарастырылады.

         3. Көрсеткiштер бұрын пайдалануда болған тауарларға (жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын қоспағанда) қатысты қолданылмайды.

Келеңсіз  жағдайларды болдырмау мақсатында, Кеден одағының  кедендік шекарасы арқылы жеке тұлғалар алып өтетін тауарларды жеке пайдалануға арналған тауарларға жатқызу критерийлеріне назар аудару қажет екенін Кеден одағы шекарасы арқылы әуе көлігімен жүретін жолаушылардың естеріне саламыз. Осы мақсатта «Ақтөбе Халықаралық әуежайы» арқылы халықаралық рейстермен ұшатын әуе жолаушыларының күту, ұшу және келу залдарында кеден ісі саласында түсіндірме стендтері, жолаушылар кедендік декларациясын толтыру үлгілері мен жолаушыларға арналған жадынамалар ілінген.

Сондай-ақ, «Әуежай-Ақтөбе» кеден бекетінде кеден заңнамасы мен нормативтік-құқықтық сұрақтар бойынша кеңес беру-түсіндіру пункті күні-түні жұмыс жасайды. Мекен-жайы: Ақтөбе қ., «Ақтөбе Халықаралық әуежайы», байланыс телефоны 8(7132)229561.

 

Ақтөбе облысы бойынша МКД

«Әуежай-Ақтөбе» кеден бекеті