Жарияланған күні: 18.07.2017 13:23
Өзгертілген күні: 18.07.2017 13:26

Кеден одағына мүше мемлекеттердің тәуекелді басқару жүйесін дамыту бойынша кеден қызметтерінің Бірлескен алқасы жанындағы жұмыс тобының кезектен тыс отырысы

Мемлекеттік кіріс органдарының басты міндеттерінің бірі кедендік бақылауды жетілдіріп, сыртқы сауда қызметінің дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасау болып табылады.

Бүгін, яғни 2017 жылғы 18 шілде күні Ақтөбе қаласында Еуразиялық экономикалық одаққа қатысушы елдердің кеден қызметтері үшін маңызды іс-шара өткелі отыр. Атап айтқанда, Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден қызметтерінің Бірлескен алқасы жанындағы жұмыс тобының кезектен тыс отырысы өтеді. Аталған шараға Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден органдарындағы тәуекелді басқару жүйесін дамыту бойынша Еуразиялық экономикалық одақ өкілдері қатысады.

Сонымен қатар бұл мәжіліске Армения, Белоруссия, Қырғызстан, Ресей және Қазақстанның кеден қызметтерінің өкілдері де қатысатын болады.

Мәжіліс барысында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағына Қытай Халық Республикасынан  әкелінетін тауарларды кедендік декларациялау мәселелері қарастырылып, тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану арқылы кедендік бақылауды жетілдіру бойынша ұсыныстар талқыланатын болады.

Қазіргі таңда Қытай Халық Республикасы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің басты сауда әріптестерінің бірі болып табылады.

Сондықтан кедендік бақылау үрдістері, оның ішінде тәуекелдерді басқару жүйесі Еуразиялық экономикалық одақтың бүкіл аумағында бірдей болуы өте маңызды.

Сонымен қатар, осы жұмыс тобының тәуекелдерді басқару жүйесін қолдана отырып, кедендік бақылау жүргізудің үйлестірілген шараларын дайындау мақсатында тұрақты түрде жиналып отыратынын атап өту қажет.

Жұмыс тобы отырысының қорытындысы бойынша кедендік бақылау жүргізудің бірыңғай шаралары дайындалып,  Еуразиялық экономикалық одаққа қатысушы мемлекеттердің кеден қызметтері мен үкімет басшыларының бекітілуіне тапсырылатын болады.