Жарияланған күні: 18.05.2018 19:07
Өзгертілген күні: 18.05.2018 19:09

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҚР-ң «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы»  жаңа Кодексіне өзгертулер мен түзетулер енгізілді.

Жаңа Салық Кодексіне оның басылымын жақсарту үшін салықтық тексерулердің түрлері (кешенді, тақырыптық, қарсы тексеру және хронометраждық зерттеп-қарау) нысандар болып  өзгертілді.

Салықтық тексерулердің түрлері ішінара салықтық тексерулер, жоспардан тыс салықтық тексерулер болып ҚР-ң кәсіпкерлік Кодексімен теңшелген.  

Жаңа Салық кодексінің шеңберінде салықтық тексерулерді қысқартуға бағытталған шаралар қарастырылған, атап айтқанда:

  • жоспардан тыс салықтық тексерулерге негіздерді қайта қарау (негіздер 32 ден 12 немесе 62 % ке қысқартылды).

         Жаңа Салық кодексі мен бизнес-қоғамдастықтың ұсыныстарын ескере отырып, салық төлеушінің тіркеу мәліметтеріне сәйкес орналасқан орны бойынша  мемлекеттік  кірістер органдарының шешімі негізінде тақырыптық салықтық тексерулер мен хронометраждық зерттеуді тағайындау, сонымен қатар қарсы тексерістерді тағайындау нормативтік-құқықтық актілермен анықталған.

ҚР-ң ҚМ-нің 2018 жылдың 15 ақпанындағы  №197 бұйрығымен  «Тақырыптық  және қарсы тексерулер тағайындау мен хронометраждық зерттеп-қарауды  жүргізуі туралы шешім шығару қағидалары»,  2018 жылдың 15 ақпанындағы №198 бұйрығымен «Мемлекеттік кірістер органы кешенді немесе тақырыптық тексеру жүргізіп отырған салық төлеушімен  (салық агентімен)  операцияларды жүзеге асырған тұлғаларға, көрсетілген тұлғалардан осындай операциялар туралы қосымша ақпарат алу мақсатында сұрау салулар, сондай-ақ осындай сұрау салулар бойынша тұлғалардың мәліметтерді және (немесе)  құжаттарды ұсыну қағидалары» бекітілді.

  • Салықтық тексеру ұйымдарының заңды тұлғалар немесе жеке кәсіпкерлердің жұмысын тоқтату кезінде  тексеру шарттарын жақсарту мақсатында  өзгерістер енгізілді.

Жабылып жатқан салық төлеушінің салық тексеруі үшін жылдық жиынтық табысы 150 000 айлық есептік көрсеткішке дейін артты (360 750 000 тенге), тексеру ұйымдарының салық тексерулері бойынша жасалған  сенімсіз салық қорытындыларына лизензиядан айырылу  жауаптылығы алынып тасталған.  

  • Жеке тұлғалар қызметін тоқтатқан кезде, оның ішінде (адвокаттар,  жеке нотариустар, жеке сот орындаушылары, кәсіби медиаторлар) салықтық тексерулер жүргізілмейді, камералдық бақылау қорытындылары негізінде тексеріледі. 

Бұл жаңа өзгерістер салықтық тексерулердің санын және салықтық тексерудегі салықтық  дауларды азайту мақсатында көзделген. Сонымен қатар, салық төлеушілердің  салықтық тексеріс қорытындыларына  арыздарын азайту мақсатында, жаңа салық Кодексінің 157 бабына сәйкес, салық төлеушілердің арнайы категорияларына алдын-алаакті  беру қарастырылған. Cалықтық тексеру актісі жасалғанға дейін салық органының лауазымды адамы салық төлеушіге салықтық тексерудің алдын ала актісін табыс етеді. Бұл ретте салық төлеуші салықтық тексерудің алдын ала актісіне жазбаша қарсылық беруге құқылы.

     157- баптың ережелері қолданылатын салық төлеушілер санаттарын, сондай-ақ салық төлеушіге салықтық тексерудің алдын ала актісін табыс ету, салықтық тексерудің алдын ала актісіне жазбаша қарсылық беру, сондай-ақ осындай қарсылықты қарау тәртібі мен мерзімдері ҚР ҚМ 12.01.2018 жылғы №20 бұйрығымен бекітілген.

Салықтық тексерудің алдын ала актісі бойынша (бұдан әрі – алдын ала акті) нормалар:

      1) салықтық мониторингке жататын салық төлеушiлерге;

      2) инвестициялық келісімшарттар жасаған салық төлеушілерге;

      3) алдын ала акті бойынша оларға есептелетін салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу, аудару, әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аударымдарын және (немесе) жарналарын есептеу және төлеу бойынша міндеттемелер сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 50 000 еселенген мөлшерінен асып кеткен салық төлеушілерге қолданылады.

Айта кетсек, 2018 жылға  дейін алдын – ала акті тек ғана салықтық мониторингке жататын және инвестициялық келісім-шарттар жасаған салық төлеушілерге қолданылған болатын.

 

Аудит басқармасы

Ақтөбе облысы бойынша МКД