Жарияланған күні: 15.06.2017 16:46
Өзгертілген күні: 15.06.2017 16:57

«Қазақстан Республикасы азаматтарының төлемге қабілеттілігін қалпына келтіру туралы

         2017 жылдың 15 маусым күні Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінде ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті орталық аппаратының қызметкерлерінің қатысуымен «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлемге қабілеттілігін қалпына келтіру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» жеке тұлғаларға (екінші деңгейдегі банктерде, мемлекеттік кірістер органдарында, сондай-ақ сот орындаушылардың деректері бойынша атқарушылық парақтары негізінде борышкер болып табылатын тұлғалар) семинар өткізілді.

Аталған шараның мақсаты заң жобаларының негізгі ережелерін түсіндіру және талқылау болып табылады.

«Қазақстан Республикасы азаматтарының төлемге қабілеттілігін қалпына келтіру туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасын әзірлеу негізі, Ел басының 2015 жылғы 30 қарашадағы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму»-атты Қазақстан халқына деген Жолдауындағы жеке тұлғалар банкроттығының нақты және түсінікті рәсімдерін әзірлеу туралы тапсырмасы болып табылады.

Бұл, бүгінгі күні, халық арасында банктік қарыздар және басқа да ақшалай міндеттемелер бойынша мәселелерінің өзекті болу себебінен азаматтардың тым асыра берешектерін реттеу тетіктерін әзірлеу қажеттілігіне байланысты.

Заң жобасын қабылдау мақсаты, Қазақстан Республикасы азаматтарының төлемге қабілетсіздігін реттеудегі өзекті мәселелерді тиімді шешу болып табылады.

Заң жобасыжеке тұлға – Қазақстан Республикасының азаматтарына қолданылады. Заңды тұлғаны құрамайтын жеке тұлға – дара кәсіпкерлердің төлемге қабілетсіздігі мәселелері «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасы Заңымен реттелген.

Заң жобасының негізгі қағидалары соттан тыс және сотты рәсімдерінің комбинациясын карастырады, олар өз кезегінде жиынтығында азаматтардың төлемге қабілеттілігін қалпына келтірудің бірыңғай процессін құрайтын болады.

Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру процессін бір қатар құқық бұзушылықтар үшін шешілмеген (өтелмеген) соттылығы бар тұлғалар қолдана алмайды. Мысалы алаяқтық, алдау немесе сенiмді теріс пайдалану жолымен мүлiктiк залал келтiру, несиені заңсыз алу, жалған кәсіпкерлік және тағы басқалар үшін.

Осылайша Заң, келеңсіз жағдайларға байланысты қарыздық ауыртпашылыққа тап болған адал азаматқа жоспар негізінде өзінің төменделген жағдайын түзетуге мүмкіндік беретін болады.

Жоспар, борышкердің қаржылық жағдайына байланысты, дағдарыс жағдайдан кезеңмен шығуды қарастыратын болады. Бұл ретте кредиторлар өз жағынан қарызды өтеу үшін мерзімін ұзарту немесе бөліп төлеу, өтем ақы, айыппұлдарды есептен шығару, қарыздың бөлігін кешіру және басқа да шаралар қолдануға міндетті болады.

Егер борышкерде, қарыздардан құтылуға мүмкіндік беретін тұрақты кірісі болмаған жағдайда, борышкердің мүлкі сатылып, одан түскен қаражат кредиторлар арасында үйлестіріліп, ал қалған қарыздар есептен шығарылады.

 

 

Төлемге қабілеттілікті қалпына келтіру процессі аяқталу кезінде, сот тарапынан борышкерді қарыздардан босату (босатпау) туралы шешім қабылданады.

Азаматты қарыздық міндеттемелерден босатуға кедергі болатын жағдайлар:

  1. борышкердің өз мүлкі туралы жалған ақпарат беруі;
  2. мүлікті, ол жөніндегі мәліметті жасыру немесе оны алуға кедергі туғызу;
  3. кредиторлардың келісімісіз қарыздық міндеттемелердің мөлшерін ұлғайту;
  4. борышкердің тұрақты кірісі бола отырып жоспарды әзірлеуден бас тартуы;
  5. бір кредиторға өзге кредиторлардың алдында ерекше ықылас көрсету;
  6. соттың қарауы бойынша борышкердің қылығы адал емес болып танылатын өзге де жағдайлар болып табылады.

Осындай жағдайлардың бірі орын алған кезде борышкер, мүлікінен айырылса да, өз кредиторларына қарызды болып қала береді, олар өз кезегінде азаматтық заңнамамен белгіленген тәртіпте қарыздарын талап етуге құқылы болады.

Сонымен қатар, заң жобасы, еш бір жағдайларда борышкер орындаудан босатылмайтын міндеттемелер тізбесін белгілейді. Мысалы, кәмелетке толмаған балалар, жұмысқа қабілетсіз жұбайын немесе ата-анасын асырауға алименттік, өмірге немесе денсаулыққа келтірілген зиянның орнын толтыру бойынша төлемдер.

«Қазақстан Республикасы азаматтарының төлемге қабілеттілігін қалпына келтіру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасын әзірлеу мақсаты, «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасының әзірленуіне байланысты қолданыстағы заңнаманы сәйкестендіру болып табылады.

Қолданыстағы заңнама мен азаматтың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру тетіктерін сәйкестендіру, Қазақстан Республикасының бір қатар заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу жолымен қамтамасыз етіледі.

Атап айтқанда,

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі,  борышкердің төлем қабілеттілігін қалпына келтіру туралы және оның қарыздық міндеттемелерінен босату негіздері туралы нормалармен толықтырылады. Сонымен қатар заң жобасы, жеке тұлғалардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру процессі аяқталуымен тоқтатылатын міндеттемелер үшін негіздемелер тізілімін толықтырады.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі, қаржылық әкімшіге және мүлікті тарату басқарушыға белгіленген міндеттерді орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастыратын баптармен толықтырылады.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі, азаматтың, кредиторлар алдындағы міндеттемелерінен жалтару мақсатында әдейі және жалған өзінің төлем қабілеттілігін қалпына келтіру туралы жүгінгені үшін, сондай-ақ, төлемге қабілеттілікті қалпына келтіру процессін ашу барысында жалған (сенімді емес) ақпарат бергені үшін қосымша жаңа қылмыстар құрамын қарастыратын баптармен толықтырылады.

«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне:

- ерлі-зайыптылардың бірлескен ортақ меншігіндегі мүлкінің режимін реттеу;

- төлем қабілеттілігін қалпына келтіру процессіндегі тұлғаларға қорғаншы және қамқоршы болуға тыйым салу бойынша өзгертулер енгізіледі.

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының кодексіне, сондай-ақ «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы»,  Қазақстан Республикасының Заңына; «Микроқаржы ұйымдары туралы», «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына қаржылық әкімшіге азаматтың мүлкі (активтері) және міндеттемелері туралы ақпаратты алу құқығын беретін толықтырулар енгізілген.

«Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген Қазақстан Республикасының азаматына елден тұрақты тұрғылықты жеріне кетуге рұқсат беруден бас тарту үшін негіздер тізілімі азаматтың мүлікті таратудың сотты рәсімін қолдану жағдайымен толықтырылатын болады.

Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру процессіндегі және ол процессті аяқтаған тұлғалар үшін салтар белгіленуіне байланысты «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы», «Халықтың көші-қоны туралы» және «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы»  Қазақстан Республикасының Заңдарына және заңнаманы сәйкестендіруді қамтамасыз ететін өзге де өзгертулер мен толықтырулар енгізіледі.

Заң жобаларына Тұжырымдамалар 2016 жылғы 5 сәуірде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Заң жобалау қызметi мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссиясы отырысында мақұлданған.

Бүгінгі күні Заң жобалары Сараптама және Қоғамдық Кеңес мүшелерімен, мүдделі мемлекеттік органдармен қарастырылды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің сайтында және оны қоғамдық талқылау үшін ашық нормативтік құқықтық актілер интернет-порталында жарияланған