Жарияланған күні: 17.03.2017 12:49
Өзгертілген күні: 17.03.2017 12:50

Хромтау ауданында түсіндіру жұмысы

Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментімен Хромтау ауданында түсіндіру бағытында  «Шетелдік қаржыладыру мониторингі. 01.01.2017 жылы күшіне енетін салықтық және кедендік заңдылықтардағы өзгерістер» тақырыптарына семинар өткізді.

Одан кейін Департамент қызметкерлері Хромтау қаласындағы 4 орта мектебінің ғимаратында Ашық Күн өткізді. Шаралның негізгі мақсаты - халықтың салық заңдылықтары бойынша ақпараттандыруды арттыру және салық төлеу жөнінде өздерінің міндеттерін адал орындауға үгіттеу. Барлық қатысушыларға түсінік материалдар ұсынылды.