Жарияланған күні: 13.11.2017 18:38
Өзгертілген күні: 13.11.2017 18:39

2017 жылдың 9-шы қарашасында   Қазақтелеком АҚ-ның Ақтөбе облысы бойынша филиалы корпоративтік бизнесті қолдау ұранымен фискалдық жады, ақпаратты тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машинасын қолданудағы өзекті мәселелер тақырыбында жиналыс ұйымдастырылды.

Жиынға Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің мамандары мен аталған бағыт бойынша техникалық қызмет көрсету орталықтары қатысты.

Жиында фискалдық жады операторларының негізгі қызметі турасында және фискалдық жады ақпаратты тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машинасын қолданудағы өзекті мәселелер талқыланды