Жарияланған күні: 25.12.2017 17:44
Өзгертілген күні: 25.12.2017 17:45

Сұрақ. Егер «Шарт (келісімшарт)» Е бөлімінде«Тауарларды жеткізу сенімхат бойынша жүзеге асырылды»30-жолы электронды шот-фактурада толтырылмаса, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы қосылған құн салығының сомасына жатқызуға құқығы бар ма?

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 257-бабы1-тармағының 3) тармақшасында, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, қосылған құн салығы (бұдан әрі - ҚҚС) шот-фактуралары Салық кодексінде белгiленген талаптар сақталмай жазып берiлгеншот-фактураларбойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтерді, алуға байланысты төленуге жататын болса, есепке жазылмайды және Салық кодексінің100-бабының 12-тармағындабелгіленген тәртіппен ескеріледі.

Салық кодексінің 263-бабы 2-2-тармағына сәйкесэлектрондық нысанда жазып берілетін шот-фактураларды қабылдау, өңдеу, беру және сақтау электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады.

Уәкілетті орган электрондық нысанда жазып берілетін шот-фактуралардың құжат айналымы тәртібін белгілейді, онда:

шот-фактураның нысаны;

шот-фактураларды жазып беру, жөнелту, қабылдау, тіркеу, өңдеу, беру және алу тәртібі;

шот-фактураларды куәландыру тәртібі;

түзетілген және (немесе) қосымша шот-фактуралардың алынғанын растау ерекшеліктері;

шот-фактураларды сақтау тәртібі көрсетіледі.

Уәкілетті орган:

электрондық нысанда жазып берілген шот-фактуралардың уақтылы қабылдануы, тіркелуі, өңделуі және берілуі, сондай-ақ олардың сақталуы;

электрондық нысанда жазып берілген шот-фактураларда көрсетілген, берілетін мәліметтердің анықтығы;

Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, шот-фактураларда көрсетілген мәліметтердің үшінші тұлғаларға жария етілмеуі үшін жауаптылықта болады.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 12 мамырдағы № 301 бұйрығымен бекітілген, Электронды түрде жазылып берілетін шот-фактуралардың құжат айналымы ережесінің 43-тармағының 4) тармақшасына,«Шарт (келісімшарт)» Е бөлімінде«Тауарларды жеткізу сенімхат бойынша жүзеге асырылды»30-жолы тауарларды жеткізу жүзеге асырылған сенімхаттың нөмірі көрсетілетін «Нөмірі» 30.1-жолдан және оның негізінде осындай тауарларды жеткізу жүзеге асырылған сенімхаттың күні көрсетілетін «Күні»  30.2-жолдан тұрады. Бұл жолдар өзара тәуелді жолдар болып табылады.

Жоғарыда айтылғандар негізінде, Ережеге сәйкес «Тауарларды жеткізу сенімхат бойынша жүзеге асырылды» деген 30-жолын толтыру үшін міндетті болып табылмайды, онда осы жолда электронды шот-фактуралардың деректемелері жоқ, электронды шот-фактураларды жазып беру бойынша талаптарды бұзушылық болып табылмайды, тиісінше, осындай электронды шот-фактуралар бойынша ҚҚС сомасын еспептен алып тастауға жатпайды.