Жарияланған күні: 29.12.2016 14:02
Өзгертілген күні: 29.12.2016 14:04
 

«ЕАЭО кедендік аумағына тауарларды әкелу мен олардыңайналысының кейбір мәселелері туралы» (бұданәрі - Хаттама)

ҚР Хаттама міндетін орындау үшін қолданыстағы ақпараттық жүйесінде  мынадай шарттарды орындаумен  «Электронды шот-фактура» тауарларды есепке алу жүйесі құралды:

ҚР аумағына тауарларды әкелген кезде:

Кедендік декларацияны ресімдеудің екі түрі бойынша міндетті талаптар:

- декларация нөмірінде ЕАЭО КБТ баждары мөлшерлемелерінің негізінде төленуі «0» белгісімен;

- декларация нөмірінде ДСҰ баждары мөлшерлемелерінің негізінде төленуі «1» белгісімен;

Тізбедегі тауарларды сату кезінде (Қазақстанда, осы және экспорт кезінде):

- үшінші елдерден әкелінген, тауар декларациясының нөмерін көрсетіп ЭШФ міндетті түрде ресімдеу;

- ЕАЭО мүше мемлекеттер аумағынан әкелінген, тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтінінштің нөмерін көрсетіп ЭШФ міндетті түрде ресімдеу (Өтініш);

- Қазақстанда жасалған, тауардың пайда болуы туралы куәліктің нөмерін көрсетіп (СТ-1)/СТ-KZ, ЭШФ міндетті түрде ресімдеу.

             Сонымен бірге, 12.08.2016 ж. № 5 Еуразиялық Үкімет аралық Кеңес Шешіміне сәйкес Тізбеге енгізілген тауарларды Қазақстан Республикасы аумағынанбасқа ЕАЭО мүше мемлекеттер аумағына өткізу кезінде, тауарға ілеспе құжаттардың орнына осы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті мөрімен куәландырылған қағаздағы электронды шот-фактура көшірмесі болып танылады, сонымен қатар мына құжаттардың бірімен ілеседі:

  1. кедендік декларация көшірмесі,  ҚР ҚМ МКО мөрімен куәландырылған – бұрын үшінші елдерден ЕАЭО БКТ бажы мөлшерімен әкелінген тауарларды өткізу кезінде;
  2. тауардың пайда болуы туралы куәліктің СТ-1 нысана түпнұсқасы – Қазақстанда жасалған тауарларды өткізу кезінде;
  3. тауардың пайда болуы туралы куәліктің СТ-KZ нысанасы – еркін экономикалық аймақта және еркін қоймада жасалған тауарларды өткізу кезінде;
  4. тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтінінштің көшірмесі – бұрын басқа  ЕАЭО мүше мемлекеттер аумағынан әкелінген тауарларды өткізу кезінде;

        Осы уақытта Ресей Федерациясының кедендік органдарымен Тізбеге енгізілген тауарларды, тауарға ілеспе құжаттарсыз әкелген жағдайлар айқындалған.Осындай тауарларды әкелуді болдырмау мақсатында, ресей әріптестерімен тиісті нормативтік құқықтық акті дайындау жұмыстары жүргізілуде, тауарларды жойыу қолдануды қалыптастыру бойынша, жоғарыда көрсетілген құжаттарсыз.