Жарияланған күні: 05.12.2017 12:01
Өзгертілген күні: 05.12.2017 12:02

Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің кедендік бақылау желісі бойынша өз бетімен келесі мемлекеттік қызметтер көрсетіледі:

  • «Уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу»
  • «Кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу»
  • «Еркін қоймалар иелерінің тізіліміне енгізу»

-    «Бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізу»

-    «Кедендік декларациялау жөніндегі маманның біліктілік аттестатын беру»

  • «Өз тауарларын сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу»
  •    «Халықаралық тасымалдау жол–көлік құралын тауарларды кедендік пломбалармен және мөрлермен тасымалдауға жіберу туралы куәлік беру».

Сондай-ақ, мына мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді:

  • «Уәкілетті экономикалық оператор мәртебесін беру»
  • «Кеден өкілдерінің тізіліміне енгізу»
  • «Кедендік тасымалдаушылар тізіліміне енгізу»

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті жүзеге асырады.

Осы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге өтініш беру нысаны – жазбаша немесе электронды түрде. Бүгінгі күні өтініштердің негізгі бөлігі – жазбаша түрде.

Осыған байланысты, кеден ісі аясында қызметті жүзеге асыратын тұлғаларға, жоғарыда аталған мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрлеріне өтінішті  электронды түрде  «Е-лицензиялау» Мемлекеттік кірістер базасының ақпараттық жүйесінің (бұдан әрі – ЕЛ МДБ АЖ) порталы www.elicense.kz арқылы беруге болатындығын хабарлаймыз.

 

 

Кедендік бақылау басқармасы

Ақтөбе облысы бойынша МКД