Жарияланған күні: 03.01.2019 19:19
Өзгертілген күні: 03.01.2019 19:19

 

Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті назарларыңызға келесі мәліметтіжеткізеді.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың жұмыспен қамтылуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 26 желтоқсандағы № 203-VIҚазақстан Республикасының Заңымен 2019 жылдың 1 қаңтарынан бірыңғай жиынтық төлемнің енгізілуі қарастырылған.

Салық кодексіне енгізілген түзетулерге сәйкес, бір мезгілде мынадай шарттарға сай келетін:

1) бірыңғай жиынтық төлемді төлеген;

2) жалдамалы қызметкерлердің еңбегін пайдаланбайтын;

3) тек қана жеке тұлғаларға қызмет көрсететінжәне (немесе)акциздік өнімдерді қоспағанда, өзінің жеке қосалқы шаруашылығында өндірген ауыл шаруашылығы өнiмiн тек жеке тұлғаларға ғана өткізетін, дара кәсіпкер ретінде тіркелмей кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар бірыңғай жиынтық төлемді (бұдан әрі – БЖТ)төлеушілер деп танылады.

Осыған байланысты, басқа жеке тұлғаларға қызмет атқаратын және (немесе) жеке қосалқы шаруашылық өнімдерді өткізетін жеке тұлғалар БЖТ төлейді. Мысалы, егер заңды тұлғаға және (немесе) дара кәсіпкерге қызмет көрсетілсе, осындай қызметті көрсететін жеке тұлғаның – БЖТ қолдануға құқығы жоқ.

Сонымен қатар, бірқатар шектеулердіңзаңнамамен қарастырылғанына назар аударамыз.

БЖТ төлеушілері болып мыналар танылмайды:

1) коммерциялық жылжымайтын мүлiк объектiлерi аумағында, кәсiпкерлiк қызметте пайдаланылатын, оның iшiнде меншік құқығындағы, жалдау, пайдалану, сенiмгерлiк басқару сауда объектілерін қоса алғанда, қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғалар;

2) тұрғын үйді қоспағанда, мүлікті жалға (мүлiктiк жалдау) беретін тұлғалар;

3) жеке практикамен айналысатын адамдар;

4) оралмандарды қоспағанда, шетелдiктер және азаматтығы жоқ адамдар;

5)жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеуі бар адамдар бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер ретінде танылмайды.

Жеке кәсіпкер ретінде тіркелген немесе жекеше практикамен айналысатын тұлғалар және стационарлық орындар арқылы қызмет атқаратын (коммерциялық объектілер – сауда объектілері, базарлар және т.б),  (тұрғын үйді қоспағанда) мүлікті жалға беретін тұлғалар БЖТ төлеушілері бола алмайды.

Осыдан басқа, БЖТ төлеушінің  табыс мөлшері күнтiзбелiк жыл үшiн республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарындағы айлық есептік көрсеткіштің 1175 еселенген мөлшерінен аспауы тиiс.

Жеке тұлғалар, бірыңғай жиынтық төлем жасалған күннен бастап мұндай төлем жүргізілген айдың соңғы күніне дейін БЖТ төлеушілер деп танылады.

БЖТ жеке табыс салығының және әлеуметтік төлемдердің төленуге жататын сомалары қосылады. 

БЖТ мөлшері – 1 АЕК (республикалық және облыстық маңызы бар қалалар, астана үшін), 0,5 АЕК – басқа елді мекендерде құрайды.

Бюджет пен қорлар арасында төлемдердің бөлінуі ыңғайлы болу үшін, бiрыңғай жиынтық төлем банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аудару жолымен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының шотына бір төлем тапсырмасыменжалпы сомамен төленуге жатады, ал Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы БЖТ –ді  ЖТС-на (бюджетке 10%), әлеуметтік төлемдер ( 20 % ӘСМҚ), зейнетақы аударымдары (БЖЗҚ- на 30 %) және МӘМС –ға аударымдар (ӘМСҚ-на 40 %).

БЖТ-мен жеке табыс салығы және әлеуметтік төлемдер түрінде төлемді төлеу, бөлу және аудару, сондай-ақ оларды қайтару Қазақстан Республикасы Үкіметімен белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.

Осыдан басқа, аталған Заңмен Салық кодексінің 683, 687, 694 баптарына өзгерістер енгізілген:

  1. Салық кодексінің 683 баптың 2 тармақтың 2) тармақшасында арнаулы салық режимі үшін салықтық кезеңдегі кірісі:

патент негізінде - ең төмен жалақының 300 еселенген мөлшері3 528 еселенген айлық есептік көрсеткішке өзгертілді;

оңайлатылған декларация негізінде - ең төмен жалақының 2 044 еселенген мөлшері 24 038еселенген айлық есептік көрсеткішкеөзгертілді;

тіркелген шегерімді пайдаланумен - ең төмен жалақының 12 260 еселенген мөлшері 144 184еселенген айлық есептік көрсеткішке өзгертілді;

  1. 687 баптың 2 тармағында «2 еселенген, заңды тұлғаларда кемiнде ең төмен жалақының 2,5 еселенген мөлшерін» сөздерін «23 еселенген, заңды тұлғаларда кемiнде 29 еселенген айлық есептік көрсеткіш»;
  2. 694 баптың 3 тармағының екінші бөлімінде «ең төмен жалақының 4 еселенген мөлшері» сөздері «47 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшері» сөздерімен өзгертілді.