Жарияланған күні: 14.03.2018 12:52
Өзгертілген күні: 14.03.2018 12:54

   218-бап. Қазақстан Республикасының резиденттігін растау тәртібі

 

Жаңа салық кодексі бойынша резиденттігін растау тәртібі біршама жеңілдетілді.

 Резиденттікті растауға арналған салықтық өтінішті қарау күнтізбелік 10 күн ішінде жүргізіледі, бұрын 15 күнді қамтыды.

Резиденттікті растайтын құжат электрондық құжат нысанында уәкілетті органның интернет-ресурсына  көшірмесін орналастыру арқылы жүзеге асырылады.

 

 644-бап. Бейрезиденттің Қазақстан Республикасындағы көздерден кірістері

 

Жалпы бейрезиденттің Қазақстан Республикасындағы көздерден кірістері бойынша айтарлықтай өзгерістер орын алмаған алайда, кейбір қосымшалармен толықтырылған.

Мәселен аталған баптың  1 бөлімінің 3 тармағында инжинирингтік, маркетингтік қызметтерін көрсетуден түсетін кіріс енгізілген және 1 бөлімінің 5 тармағы бойынша уәкілетті орган бекіткен тізбеге енгізілген жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тiркелген тұлғаның мынадай:

 аванс (алдын ала төлем) төленген күннен бастап екі жылдық кезең өткен соң бейрезидент қанағаттанбаған;

егер осы тармақшада өзгеше көзделмесе, аванс (алдын ала төлем) төленген күннен бастап екі жылдық кезең өткенге дейін авансты (алдын ала төлемді) төлеген тұлға таратылған кезде таратудың салықтық есептілігін ұсынған күнге бейрезидент қанағаттанбаған шарттардың бірін орындаған кезде алған аванс (алдын ала төлем) бойынша міндеттемелер түріндегі кірістері бойынша жүргізіледі.

Онымен қоса бейрезиденттің Қазақстан Республикасындағы көздерден кірістері осы бөлімнің 19), 21)-23) тармақтарымен толықтырылды.

Бейрезидент-заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым түрінде алынған мүліктің құны, сондай-ақ бейрезидент-эмитент өзі шығарған акцияларды орналастырудан алған мүліктің құныбейрезиденттің Қазақстан Республикасындағы көздерден кірісі болып табылмайтындығы жөнінде жаңа салық кодексінің аталған баптың 2 бөлімінің 5 тармағымен  қосымша негізінде толықтырылған.

      

        646-бап. Төлем көзінен табыс салығының мөлшерлемелері

2018 жылғы жаңа қабылданған салық кодексінде -уәкілетті орган бекіткен тізбеге енгізілген жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тiркелген тұлғаның кірістері 20 пайыз мөлшерлеме бойынша төлем көзінен салық салуға жататындығы көрсетілген.

 

 

 

649-бап. Салықтық есептілікті ұсыну ерекшеліктері

    Аталға бапта Қазақстан Республикасында қызметін халықаралық шартқа немесе осы Кодекстің 220-бабының 6-тармағына сәйкес тұрақты мекеме құруға алып келмейтін құрылымдық бөлімше арқылы жүзеге асыратын бейрезидент қызметінің дайындық немесе көмекшi сипатқа қана ие, бейрезиденттiң кәсіпкерлік қызметiнің негізгі түрлерінің бір бөлігі болып табылмайтын және үш жылдан аспайтын деп нақтыланған.

     653-бап. Жекелеген жағдайларда кірістерге салық салу тәртібі

 

2017 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі қолданылып келген салық кодексінің 200 бабының 1 бөлімі алынып тасталынған. Бұл ретте бейрезидент заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты мекемесі біреуден артық болған жағдайда осы бейрезидент заңды тұлғаның тұрақты мекемелерінің бірі арқылы оның тұрақты мекемелерінің тобы бойынша жиынтық түрде төлеуге құқылы делінген болатын.

     666-бап. Бейрезиденттiң Қазақстан Республикасындағы көздерден алған кірістерін салық салудан толық босатуға қатысты халықаралық шартты қолдану тәртiбі

 

2017 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі қолданыста болған салық кодексінің 212 бабындағы  салықтық әкімшілендіру бойынша даулы тұстарын алып тастап орынына жаңа қабылданған жаңа салық кодексінің аталған бабының  2 бөлімінде Бейрезидент бір немесе байланысты жобалар шеңберінде қызмет көрсетуден, жұмыстарды орындаудан кіріс алған жағдайда, салық агенті осы бапты қолдану мақсаттары үшін бейрезиденттің тұрақты мекеме құру фактісін, оның ішінде қызмет көрсетуге немесе жұмыстарды орындауға шарт (келісімшарт), сондай-ақ осы баптың 5-тармағында көрсетілген құжаттар негізінде айқындайды.

Бейрезиденттің Қазақстан Республикасында тұрақты мекемені құру фактісі анықталған кезде салық агенті Қазақстан Республикасында бейрезиденттің кірістерін салық салудан босату бөлігінде халықаралық шарттың ережелерін қолдануға құқылы емес.

Салық агентінің бейрезидентке кірісті төлеу кезінде немесе бейрезиденттің есептелген, бірақ төленбеген кірісін шегерімге жатқызу кезінде, егер мұндай бейрезидент кірісті түпкілікті (нақты) алушы және халықаралық шарт жасалған ел резиденті болып табылатын болса, салық салудан босатуды дербес қолдануға құқығы бар.

Осы бөлімнің мақсатында кірістерді иелену, пайдалану, оларға билік ету құқығы бар және мұндай кіріске қатысты делдал, оның ішінде агент, номиналды ұстаушы болып табылмайтын тұлға түпкілікті (нақты) кірістерді алушы (иеленуші) деп түсінілуі керек.

Аталған баптың 4 бөлімінде жоспарлы салықтық тексеру жүргізілердің бастапқы күніне резидент екендігін растайтын  құжаттарды тапсыру талаптары алынып тасталынды.