Жарияланған күні: 27.08.2018 19:25
Өзгертілген күні: 27.08.2018 19:26

Салық төлеушілерге екінші деңгейлі банктермен бірге салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу бойынша салық міндеттемесін уақытылы орындау үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында банк шотының бар болған жағдайда - банкоматтар мен басқа электрондық құрылғылар арқылы бюджетке төлемдерді жүзеге асырылады.

Банкоматтар мен басқа электронды құрылғылар арқылы салық төлеудің ең маңызды артықшылығы – кез келген уақытта және кез келген елді мекенде банктерге келмей, кезектерде тұрмай бюджетке төлемдерді төлеуге қабілетті. Бұл ретте, электрондық қызметтерге екінші деңгейлі банктерде белгіленген тарифтерден әлдеқайда төмен.

Қазақстан Республикасының Үкіметінің тапсырмасы және Жоспарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 13 сәуірдегі №465 бұйрығымен бекітілген салықтарды электронды төлеу деңгейін арттыру мақсатында келесі іс – шаралар жүргізілуде:

  1. Жеке тұлғалардың басқа жеке тұлғалар үшін салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді төлеу туралы Қазақстан Республикасы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексіне өзгерістер еңгізу. Аталған өзгерістер карточка ұстаушыға байланыстыруды болдырмауға және карточка ұстаушының ЖСН-не емес, басқа жеке тұлғаның ЖСН-не бюджетке ақша аудару мүмкүндік береді.

2) Төлем белгілеу кодтарын 39-дан 14-ке дейін қысқарту арқылы салық төлеу туралы мәліметтерді жеңілдету, 104302 БСК және 104309 БСК біріңғай 104302 БСК «Жер салығы» біріктіру. 

3) «Электрондық үкімет» порталында авторизациялау үшін цифрлық қолтанбаның қолдану мерзімін үш жылға дейін ұлғайту, көбейту және алу тәртібін жеңілдету.

4) Салықтарды, өсімпұлды, айыппұлдарды электрондық қызметтер арқылы төлеуге екінші деңгейдегі банктердің комиссиялық сыйақыларын азайту және алып тастау (интернет-банкингтер, терминалдар).

5) Төлем құжаттарында деректерді автотолтыру арқылы салық берешектер сервисіне екінші деңгейдегі банктерді ақпараттық жүйеге қосу. Екінші деңгейдегі банктерге аталған сервисті төлем құжаттарындағы деректерді автотолтыруды ескере отырып, төлем сервисін жақсарту үшін, әрекетті салықты төлеу тетігіне (интернет-банкинг, терминалдар) қосу мүмкіндігі берілген.

6) «Электрондық үкімет» порталымен және екінші деңгейдегі банктерді ақпараттық жүйесін интеграциялау жолымен төлем құжаттарында деректерді автотолтыру арқылы жеке тұлғалардың кезекті төлемдері туралы мәлімет беру бойынша сервисті жүзеге асыру.

Аталған сервис жеке тұлғаларға мобильдік сервис арқылы мүлік салығы, жер салығы және көлік салығының сомалары туралы мәліметті аудан және ЖӨБ бюджетінің  қимасында алуға мүмкіндік береді, сондай ақ екінші деңгейдегі банктерге клиенттермен салық бойынша төлем құжатын толтыруға кететін уақытты азайтуға және осындай салықтар бойынша төлемдердің қате жөнелтілуін азайтады.

Бірінші сатыда аталған сервисті енгізу 2018 жылы екінші деңгейдегі банктердің АЖ интеграциялау жоспарланды. Екінші сатыда 2019 жылы VIN кодты және кадастырлық нөмірді автоматты түрде толтырып, әр салық салу нысаны бойынша мәліметті беру жолымен «электрондық үкімет» порталымен интеграциялау жоспарланды.

7) «Электрондық үкімет» порталында кезекті төлемдерді төлеу үшін салықтардың тізбесін кеңейту.

2018 жылдың 1 тамызынан бастап, еGov.kz порталында барлық салықтарды және бюджетке төлейтін міндетті төлемдерді авторизация жасамай және ЭСҚ қол қоймау мүмкіндігінсіз ақ салықтарды төлеу бойынша жаңа қызмет пайда болды. Осыдан ертеректе «электрондық үкімет» порталында жеке тұлғалар үшін, салықтың үш түрін төлеу ғана қол жетімді болған: яғни бұлар мүлік салығы, жер салығы және көлік салығы.

eGov.kz «Электронды үкімет»  порталында салық төлеу бойынша нұсқаулар

eGov.kz порталында «Салықтар және қаржылар» - «Салық салу» - «Салықтарды және бюджетке төлнетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу» және «Онлайн ресімдеу» батырманы басып, қызметке тапсырыс беруге болады. Салықтөлеушінің ЖСН/БСН, мемлекеттік кірістер органының атауын, төлем сомасын, бюджеттік сыныптамасының кодын таңдағаннан кейін жүйе салықты төлеу бөліміне өтуді автоматты түрде ұсынады. Барлық процедура аяқталғаннан кейін төлем болғанын растайтын электронды чек беріледі.

Салық төлеуші жеке тұлға ретінде авторизациялану және БСН деректерін толтырып және керсінше заңды тұлға салықтарын төлеу мүмкіндігіне ие болады.

Бүгінгі күнде порталда 18 түрлі салықтар бойынша төлеу мүмкіндігі бар: корпоративтік табыс салығы; жеке табыс салығы; әлеуметтік салық; ЗТ және ЖК мүлiгіне салынатын салықтар; жер салығы; ЗТ көлiк құралдарына салынатын салық; бірыңғай жер салығы; қосылған құн салығы; акциздер; арнайы төлемдер және жер қойнауын пайдаланушылар салығы; экспортқа салынатын рента салығы; ойын бизнесіне салық; тіркелген салық; алымдар; төлемдер; кедендік төлемдер; басқа төлемдер және баждар.

Қосымша ретінде, 2018 жылдың соңына дейін Мемкелеттік кірістер комитетінің порталында https://kgd.gov.kz/ жүзеге асырылады.

Банкоматтың интерфейсінде, МКК «Салық төлеушілер кабинеті» web-қосымшасында мемлекеттік кірістер басқармасының кодтарының тізімі және атауы көрсетілген, сондықтан да тиісті мемлекеттік кірістер органдарын таңдауға мүмкіндік бар.

Салық төлеушіге банкомат арқылы немесе басқа электрондық қондырғы арқылы салықты төлеу үшін төлемді жүзеге асырған кезде, бюджетке төлемнің төленгенін растайтын құжат беріледі.

Банкомат арқылы немесе басқа электрондық қондырғы арқылы салықты төлеу үшін төлемді жүзеге асырған кезде, салық төлеуші үшін салық міндеттемесін орындау күні болып, осындай төлемді жүзеге асырған күн саналатынын атап кету керек.

Банкомат арқылы немесе басқа электрондық қондырғы арқылы салықты төлеу үшін төлемді жүзеге асырған кезде, салық төлеушінің дербес шотында өсімпұл есептелген жағдайда, салықтарды және бюджетке төлейтін міндетті төлемдерді төлеуге қолма-қол ақшаны енгізген күннен және банктік шоттан ақшаны жойған күнгі күннен басқа, аталған төлемді жүзеге асырған күн есептелінеді.