Жарияланған күні: 22.08.2018 18:49
Өзгертілген күні: 22.08.2018 18:50

Жеке тұлғалармен мүлік салығы мен жер салығын 2017 жыл үшін төленген жоқ, өйткені, 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін іс - әрекетте болған  Салық кодексінің 409 – бабының 7 – тармағына мен 391 – бабының 3 – тармағына сәйкес жоғарыда көрсетілген салықтарды төлеу салық кезеңінен кейінгі жылдың 1 – қазанына дейін жүзеге асырылады.  

Осыған сәйкес қазіргі уақытта салық органдарымен өткен 2017 жыл үшін  жеке тұлғаларға мүлік салығы мен жер салығын төлеу бойынша  хабарлама ұсыныу бойынша жұмыстар жүргізілуде, 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін іс - әрекетте болған  Салық кодексінің 409 – бабының 7 – тармағына мен 391 – бабының 3 – тармағына сәйкес төлеу мерзімі - 2018 жылдың 1 – қазанына дейін.

Бұл ретте,  Салық кодексінің 406-бабына сәйкес «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы есепті жылдан кейінгі әрбір жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша белгілейтін, салық салу объектілерінің құны жеке тұлғалар үшін тұрғынжайлар, саяжай құрылыстары бойынша салықтық база болып табылатынын хабарлаймыз.

Жеке тұлғлара төлейтін жер салығы бойынша, 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін іс - әрекетте болған  Салық кодексінің 388 – бабының 8 – тармағына сәйкес ортақ үлестік меншіктегі салық салу объектілері бойынша салық олардың осы жер учаскесіндегі үлесіне барабар есептеледі.

Кондоминиум объектісінің бір бөлігі болып табылатын жер учаскесіне кондоминиум объектісінің бір бөлігі болып табылатын жалпы мүлікте үй-жайдың (ғимараттың бір бөлігінің) әрбір меншік иесінің үлесіне барабар жер салығы салынуы тиіс.