Жарияланған күні: 03.09.2018 11:10
Өзгертілген күні: 03.09.2018 11:11

Кедендік әкімшілендіруді жетілдіруде басты мәселелердің бірі - тауарларға арналған декларацияны ұсынуда адам факторы әсерінің болдырмауын мүмкіндік беретін электронды декларациялауды енгізу болып табылады. Электронды декларациялау жүйесін жүзеге асыру үшін ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап Кедендік және салықтық әкімшілендірудің автоматтандырылған жүйесі біріктірілген кедендік компонентасы  (АСТАНА-1) енгізілді. Бұл ақпараттық жүйе Дүниежүзілік сауда ұйымының барлық нормалары мен халықаралық стандарттарға сай келетін және 90-нан астам ел белсенді пайаланатын ASYCUDA бағдарламасының платформасында жасалған.

Бұрын қолданыста болған (ТАИС-2) бағдарламадан ерекшелігі автоматты түрде тіркеп қана қоймай, сонымен қатар декларацияны жасыл дәліз бойынша автоматты түрде шығаруға мүмкіндік береді. Ол сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар (бұдан әрі – СЭҚ қатысушы) мен кедендік рәсімдеу бойынша маманның арасындағы тікелей байланысты болдырмайды.

Жасыл дәліз бойынша декларацияларды өңдеу мен шығару үшін жұмсалатын уақыт 5-6 минутты құрады. Бұрын мұндай рәсімдерге 55 минутқа дейін уақыт жұмсалды және СЭҚ қатысушының кеден органына жеке келуі қажет болатын.

 «АСТАНА-1» АЖ-нде ресімдеу барысы – тауарды әкелуден оны кедендік тазартуға дейін жүзеге асрылғын. Ол СЭҚ қатысушыларға бір ақпараттық алаңда кез-келген операцияларды жүргізуге – шекарада алдын-ала ақпарат ұсынудан шығарылған тауарды бақылауға дейін мүмкіндік береді.

Жыл басынан бері  Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментте АСТАНА-1 АЖ-нде 3548 тауарларға арналған декларация шығарылды, «экспорт-10» рәсімінде 1375 тауарларға арналған декларация, «импорт-40» рәсімінде – 2028 тауарларға арналған декларация, басқа рәсімдер 145 тауарларға арналған декларация. Оның ішінде жасыл дәліз - 63 %, сары дәліз– 32%, қызыл дәліз- 4 %, көк дәліз - 1% құрайды.