Жарияланған күні: 13.06.2018 18:22
Өзгертілген күні: 13.06.2018 18:24

Бүгін  Ақтөбе облысының әділет департаменті Ақтөбе облысының мемлекеттік кірістер департаменті және нотариалдық, жеке сот орындаушылар, қорғаушылар палатасымен және басқа да заң қызметкерлерінің қатысуымен «Алтай» базарында тегін кеңес берілді.

«Алтай» базарының кәсіпкерлері мемлекеттік кірістер департаменті тарапынан келген өкілден бақылау касса-машинасы, POS – терминал қызметі онымен қоса салық есептілігінің тапсырылу мерзімдері бойынша кеңестер алды. Жаңадан қабылданған салық заңнамалары туралы да кәсіпкерлерге түсіндірілді.

 

Ақтөбе облысы бойынша

мемлекеттік кірістер департаменті