Жарияланған күні: 08.09.2017 18:53
Өзгертілген күні: 14.09.2017 12:15

Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық төлеушілер мен сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды хабардар ету мақсатында салықтық және кедендік заңнамалар саласындағы 2017 жылдың 6 қыркүйегінде «Қазақстан Республикасының салық және кеден кодексіне және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілеріне өзгерістер енгізу туралы» семинар өткізді.

Семинарға Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері түсіндіру жұмысы басқармасының басшысы Г.Арыспаева, түсіндіру жұмысы басқармасының бас маманы Утегенова А., аудит бөлімнің басшысы Н.Тоғанас, кедендік бақылау басқармасының бас маманы С.Бримжанов, Акцизді әкімшілендіру бөлімнің бас маманы С. Ахметов Д. қатысты.

       Семинар барысында салық және кеден кодекстерінің, міндетті әлеуметтік сақтандыру, ЖШФ шығарылымдары, POS-терминал және бақылау кассалық машинасын қолдану, мұнай қоймаларында және жанар-жағармай құю станцияларында автоматтандырылған есепке алу аспаптарын орнату, Бухгалтерлік есеп пен бақылаудан ақпаратты оқу үшін Wipon PRO қосымшасын орнату алкоголь өнімдерінің брендтері, салық тексерулеріне балама және «Астана-1» АЖ енгізу жаңа жобалары қаралды.

       Семинарда түсіндіру жұмысы басқармасының басшысы Арыспаева Г. салық төлеушілердің салық міндеттемелерін орындау барысында жиі жасаған қателіктерін жариялады. Бұдан басқа, ол аудиторияға Қазақстан аумағында қаржы пирамидалары туралы хабардар етті, олар қазақстандықтардың ақшасын үнемдеуге қасақана араласып, барлығын сергек болуды және күмәнді қаржы ұйымдарында өз ақшаларын салуға шақырды.