Жарияланған күні: 05.03.2019 11:45
Өзгертілген күні: 05.03.2019 11:50

2018 жылы Ақтөбе облысы бойынша МКД-нің (Департамент) лауазымды тұлғалары жасаған сыбайлас жемқорлық қылмыстарына талдау жасайды,  2017 жылы жасалған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың саны азайғанына қарамастан, сыбайлас жемқорлық деңгейі әлі де жоғары.

2018 жылы сыбайлас жемқорлық, ресми және басқа да қылмыстар болған жағдайда  Департамент қызметкерлерімен 12 сотқа дейінгі тергеу жүргізілді, олардың 8-і сыбайлас жемқорлық қылмысына қатысты.

         12 іс бойынша тергеу барысында Департамент қызметі аясында қызметкерлер мен жұмыскерлердің арасында тіркелді:

- салық блогы - 9

-  экономикалық тергеу қызметі -3

- кедендік және әкімшілік блогы- 0

         Бұл қылмыстар ІҚБ мен басқа да құқық қорғау органдарының, сондай-ақ бірлескен жедел-тергеудің нәтижесінде анықталды.

                Билікті асыра пайдалану және қызметтегі құқық бұзушылық фактілері бойынша 2018 жылы Ақтөбе қаласының МКБ-ның 3 қызметкері сотқа тартылды. (Танкаев Н.А., Жумашев У.Б., Тулеуф К.Б.).

         Бұдан басқа салық төлеушілерден пара алу кезінде, ЭТҚ мен Департаменттің  салық қызметінің  қызметкерлерін  ұстау фактілері болған.       

         Мысалы, 2018 жылдың 11 шілдесінде  ҚР ҚК-нің 366-бабының 2-бөлімі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі орталық аппарат қызметкерлері тарапынан қылмыстық қудалауды тоқтату үшін 1 700 000 теңге мөлшерінде пара алған кезде алдын ала тергеу барысында Департаменттің ЭТҚ аса маңызды істер жөніндегі аға тергеуші Мерей Б.К. ұсталды. Қазіргі уақытта бұл қылмыстық іс сотқа жіберілді.

         Сонымен қатар 2018 жылдың 3 желтоқсанында Ақтөбе облысында ҚР ҰҚК-нің қызметкерлері өткізген іс-шаралар нәтижесінде салық тексерулерін жүргізбес үшін  жеке кәсіпкерден 70 000 теңге көлемінде пара алуға кезінде Хромтау ауданы бойынша МКБ-ның бас маманы Р.Ж.Кангужин ұсталды. Ағымдағы жылдың 11 ақпанында Хромтау аудандық сотының Кангужинді ҚР ҚК-нің 366- бабы 1-бөлігінде "пара алу" бойынша қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп тауып, параның 25 есе мөлшерін 1 750 000 теңге көлемінде айыппұл тағылды  және мемлекеттік қызметте,  сотта және жергілікті билік органындарында өмір бойы жұмыс жасау құқығынан айырылды.

         Өз кезегінде Ішкі қауіпсіздік басқармасының жұмысында сыбайлас жемқорлық фактілерін және ол жағдайларды болдырмау мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды ұйымдастыру мен жүзеге асыруға басты назар аударылды.

         Жалпы алғанда 2018 жылдың ішінде Департамент бөлімшелерінде және қала/аудан бойынша МКБ-да  429 алдын алу шаралары жүргізілді. Бұлар ақпарат құралдарында сөйлеген сөздер мен жарияланымдар, семинарлар, қамау орындарына бару және т.б.

         Сонымен қатар, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырып бойынша бейне ролик ІҚБ-да орнатылды, оның ішінде қылмыстық іс қозғалған тұлғаларды бейнетүсірімдерді жедел түсіру, соттың үкім шығаруы, МКО-ның бұрынғы қызметкерлерінің өкінуі, түрмеде жазасын өтеп жатқан және т.б.  

         Көрсетілген алдын алу іс-шараларын кешенді пайдалану арқылы жүзеге асырылуы нәтижесінде сыбайлас жемқорлық фактілерінің көріністеріне Департамент қызметкерлері арасында нөлдік төзімділік деңгейін жоғарылатуға мүмкіндік берді.

         Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шеңберінде 2018 жылы ІҚБ-на аудандық МКБ-ның лауазымды тұлғасына  әкімшілік жауапкершілікке тартпас үшін пара берілу фактісін тоқтатты.

         Пара берушіге қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілді. Пара беруші қылмыстық жауапкершілікке тартылып, соттың шешімімен 200 000 теңге көлемінде айыппұл салынды.

         Тәртіптік практиканы күшейту, атап айтқанда мемлекеттік немесе заң қызметтеріне нұқсан келтіретін фактілерді анықтау, қылмыстық жауапкершілікке байланысты аса ауыр қылмыстар жасауды болдырмауды көздейді, бұл сондай-ақ жемқорлықтың алдын алудың бір әдісі болып табылады.

         2018 жылдың 12 ай ішінде ІҚБ-сы Департменттің кадр қызметімен бірлесе отырып, мемлекеттік және құқық қорғау қызметіне нұқсан келтіретін 6 құқық бұзушылықты анықтады,  оның ішінде 1- салық блогы, 3- кедендік блок және 2- ЭТҚ.

Мемлекеттік қызметтің беделін түсіретін әрекеті үшін ЭТҚ-нің 1 қызметкері теріс себептер бойынша МКО-нан жұмыстан шығарылды және кедендік, салық қызметіндегі 5 қызметкер "толық емес қызметтік сәйкестік туралы ескерту" түрінде тәртіптік жазаға тартылды.

Сондай-ақ, Ішкі қауіпсіздік бөлімімен Департамент қызметкерлерінің  этикалық норманы сақтауына да көңіл бөлінді. 2018 жылы ІҚБ-мен  қызметтік этика нормасын  бұзғаны үшін Департаменттің 16 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 11 тұлға әлеуметтік  желіні бақылау жұмыстарының нәтижесінде интернет беттеріне мемлекеттік қызметтің беделін түсіретін және кері әсерін тигізетін ақпараттарды салуы фактілері бойынша  тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

         Сонымен қатар, ағымдағы жылдың есеп беру кезеңінде ІҚБ-мен мемлекеттік ресурстарды жеке мақсатта пайдалану,  жұмыстан тыс уақытта мас күйінде көлік жүргізу және күнделікті өмірде әдепсіз мінез көрсету фактілері бойынша қызметтік этиканы бұзушылықтар анықталды.

            Этиканы бұзудың барлық фактілері бойынша Департаменттің қызметкерлері тәртіптік жазаға тартылды.

         Сыбайлас жемқорлықты азайтудағы оң нәтижелерге қол жеткізу  үшін  2019 жылы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және ескерту жұмыстары жалғасатын болады, басты назар сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтауға және жоюға, Департаменттің қызметкерлері, салық төлеушілер және сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар арасында жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруына бағытталады.

 

Ақтөбе облысы бойынша МКД

ІҚБ-ның аса маңызды

істер жөніндегі аға офицері

                                                    С. Федоровский