Жарияланған күні: 21.09.2017 11:12
Өзгертілген күні: 21.09.2017 11:14

2017 жылдың 20 қыркүйегінде Ақтөбе облысының әкімінің пресс орталығында Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің 2017 жылдың 8 айында атқарған қызметінің қорытындысы мен міндеттері бойынша брифинг өткізілді.

Брифингте салықтық және кедендік әкімшілендіру,  экономикалық тергеу қызметтері, жаңа жоба жүйесінде бірқатар жеңілдіктер алған және бизнеске оңайлатылған  салықтық және кедендік кодекстер тұжырымдамасын хабардар етеді.

Осы уақытта сапалы экономикалық өрлеу және инвестициялық тартымдылық мақсатында салықтық және кедендік саясат үйлесімдірілген.

Сатушы мен сатып алушы арасындағы өзара есеп айырысуды оңтайландыруға «Электрондық счет фактура» ақпараттық жүйесі енгізілген.  Салықтық тексерістер саны азайды. 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап,  жеке кәсіпкерлерді тіркеу арыз тәртібінен  хабарландыру тәртібіне ауыстырылды. Бизнеске ыңғайлылық мақсатында және салық төлеушімен байланысты азайту мақсатында мемлекеттік кірістер органдары мемлекеттік қызметі  электрондық түрде 92% -бен атқарылуда.

 Оған қоса, бизнеске ыңғайлылық үшін сыртқы экономикалық қызмет қатысушыларына  Ақтөбе қаласында барлық мемлекеттік бақылаулармен  жалпыға ортақ талаптарға сай кедендік рәсімдеу аймағы құрылысы  жоспарланған. Ақтөбе облысының тауарлар мен транспорттық құралдарға кедендік тазарту жүргізетін  барлық кедендік орындарында пилоттық режимде «кедендік және салықтық АСТАНА-1 автоматтандырылған жүйесі»  ақпараттық жүйесі  іске қосылды. Тауарларды кедендік декларациялау кезінде ұсынылатын құжаттар саны азайтылған. Департаментпен кедендік тазартуларға   «Постфактум» режимін енгізу жұмыстары жүргізілуде, сонымен бірге  «жасыл » дәлізге кіргізілген  сыртқыэкономикалық қызметтің бөлек категорияларымен  кедендік декларацияланған тауарды шығаруға   мүмкіншілік береді.

Экономикалық тергеу қызметінің өндірісінде 259 қылмыстық іс болған, өткен жылдың ұқсас уақытымен салыстырғанда СДЖР –да сотқа дейінгі өндіріс 210 істен 121 іске дейін қысқарған.

Өткізілген іс-шаралар барысында,  жалған ақша қаражаттары белгілерін жасау, қаржылық пирамида және бюджеттен  ақша  қаражаттарын ұрлау  тоқтатылған.

 

Ақтөбе облысы бойынша

мемлекеттік кірістер департаменті