Жарияланған күні: 13.02.2018 13:15
Өзгертілген күні: 13.02.2018 13:16

Елімізде 2018 жылдың 10-шы қаңтары мен 10-ақпан аралығында «Қамқорлық» атты дәстүрлі түрде ұйымдастырылып жүрген қайырымдылық науқаны жүріп жатыр. Аталған шараның басты ұраны «Балаларға бірге көмек береміз».

Осыған орай Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, 2018 жылдың 9-шы ақпанында  «Қамқорлық» шарасына өз үлесін қосу мақсатында, әлеуметтік жағдайы төмендеу отбасыға көмек қолын созып, мейірім сыйлады.

Қаламыздың 14-ші орта мектебінің 3-5 класс оқушылары бір отбасының балалары Сорокин Роман мен Евгенийге және Сорокина Анжеликаға жұмысшылар жинап берген 136 мың. теңгеге қажетті жабдықтар алынып табысталды. Мерекелік түрде балаларға ұжым атынан жылы лебіздер айтылып, тәттілер таратылды.

Балаларға қуаныш, бақытты балалық шақ сыйлау өмірдің ең басты ұстанымы.

 

Ақтөбе облысы бойынша

мемлекеттік кірістер департаменті