Жарияланған күні: 16.05.2017 12:18
Өзгертілген күні: 16.05.2017 12:19

Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік кіріс Департаменті «Ембі» кеден бекеті басқармасының

2017 жылдың І тоқсанындағы 

жұмыс қортындысы

 

«Ембі» кеден бекеті  Ақтөбе қаласынан 265 шақырым жердегі Жаңажол кешенінде  «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ қарасты ЖЖБ УСҚ «Жаңа базасында» орналасқан.  Аталмыш ауданның негізгі экономикалық бағыты өнеркәсіптік  салаға бейімделгендіктен кеден бекеті де «өндірістік» категорияға жатады. Кеден бекетінің қызмет ету аясында «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ уақытша сақтау қоймасы бар.  

«Ембі» кеден бекеті  33 сыртқы қызметке қатысушымен тығыз байланыста жұмыс жасауда. Олар уақытша қоймада өздерінің өндірістік қажеттілігіне жарамды тауарларды сақтап, кәсіпорын құрлысына, басқа басқа қажеттіліктеріне қажетті тауарларды орналастырады. Олардың арасында  «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ, «КМК Мұнай» АҚ, «Великая Стена» ЖШС,  «Восток Нефть и Сервисное обслуживание» ЖШС, «Сан Дриллинг» ЖШС ,«Батыс Мұнай» ЖШС, «Синопэк Казахстан»  МНСК Ақтөбе филиалы,  «CASPIAN OIL TECH SERVICES» ЖШС , «ДО КНИСГ» ЖШС филиалы секілді ірі салық төлеушілер бар.

Сонымен қатар бұл жерде   «Брокер Актобе» ЖШС,  «Брокер Сервис ЛТД» ЖШС,  «Про Кастомс Солюшн» ЖШС, «СТСS Logistics» ЖШС,  «Silk Way Solutions» ЖШС,  «ТКА Инжиниринг» ЖШС,  «ЕАТ» ЖШС секілді кедендік өкілдер де өз қызметтерін атқаруда.

2017 жылдың І тоқсанында сыртқы сауда айналымы  36,9млн. АҚШ долларын құрады.

Экспортқа сомасы 21,3млн. АҚШ  доллары болатын тауар рәсімделді. Тауар экспортымен  Жаңажол кешенінде газ бен күкірт өндіріп отырған табиғатты пайдаланушы ірі компания «СНПС-Ақтөбемұнайгаз»  АҚ айналысады.

2017 жылдың І тоқсанында импорт көлемі  15,6млн.  АҚШ долларын құрады.

Осы аралықта тауарға рәсімделген декларацияның жалпы саны 349 болды.     

Биыл  І  тоқсанда  «Ембi» кеден бекеті қазынаға сомасы  702,7 млн  теңге болатын кедендік төлемдер мен салық түсіріп, жоспарды  107,46 %-ға орындады.

«Ембі» бекетінің кедендік рәсімдеу залында «Халық банкінің» пластик карталары арқылы кедендік төлем мен салық төлеуге ыңғайлы  РОS-терминалы бар. Одан бөлек  «ТұранӘлем» банкінің тағы бір РОS-терминалы қызмет көрсетеді. 2017 жылдың І тоқсанында  пластик  карталар арқылы  жалпы сомасы  211,9 млн. теңгенің операциялары жасалды.

Осы аралықта кедендік бағалауға 11-КБТ өзгеріс енгізіліп, оның сомасы               3,7 млн теңгені құрады.

 

                                                        Ақтөбе облысы бойынша МКД

                                                                  «Ембі» кеден бекеті