Жарияланған күні: 02.07.2018 13:04
Өзгертілген күні: 03.07.2018 19:15

      «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың жаңа Жолдауында бизнес-ахуалды жақсарту бойынша батыл әрекеттер жасау қажет екені айтылды.  Елбасымыз түсіндіру жұмыстарына ерекше көңіл бөлу қажеттілігін атап көрсетті.

       Соған байланысты Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті ағымдағы жылы маусым айында жүргізілген ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде бюджетке қосымша 2,8 млрд.теңге сомасында салық түсірілді.  

      Оның ішінде төмен жалақы себептерін анықтау және жұмыспен көлеңкелі қамтылуды жария ету тақырыбында болған әңгімелесу нәтижесінде салық агенттерімен еңбек шартын жасасу қажеттілігін түсіндіру бойынша жұмыс жүргізіліп, 113 салық төлеушімен жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша сомасы 107 млн.теңгенің қосымша салық есептілігі тапсырылды.    

  Аталған салық төлеушілер  форма 200 есептілігін нөл деп көрсеткенімен ең аз жалақы мөлшерінде немесе ең аз жалақыдан да аз мөлшерде табыс тапқан болатын.  Жуырда кәсіпорындар мен сауда үйілерінде, қала рыноктарында ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу жоспарлануда.   

        Жекеше жұмыспен айналысушы жеке тұлғалар декларацияларында нөл деп көрсеткенімен табыс тапқан және салық есептілігін дұрыс толтырмаған, сондай-ақ кейбіреуі есептілікті мүлдем тапсырмаған. Мұндай салық төлеушілермен заң талаптарын қатаң сақтай отырып жұмыс жасау қажет екені және заңдылық талаптарын бұзбай іске асыру әр қайсысының конституциялық міндеті екені жөнінде әңгімелесіп, түсіндіру  нәтижесінде бюджетке қосымша  11,6 млн.теңге түсірілді.

          Мемлекеттік сатып алуға қатысушылармен, КТС бойынша авансты төлемдерін төлеушілермен, атқарылған жұмыстар үшін бюджеттен қаржыландырылған ірі салық төлеушілердің салықтық жүктеме коэффициентінің төмендеуіне жол берген контрагенттерімен жүргізілген нормативтік актілерді түсіндіру нәтижесінде қосымша 707,5 млн.теңге сомасында заңды тұлғалардың корпоративтік табыс  салығы есептелді; өткен кезеңмен салыстырғанда айналым өскенмен КТС бойынша авансты төлемдер сомасы төмендеп кеткен.

        ҚҚС бойынша іске аспайтын артық төлеуге жол берген ҚҚС төлеушілермен көп жұмыс жүргізілді. Олармен сөйлесу және түсіндіру нәтижесінде ҚҚС бойынша  декларациялар дұрыс толтырылмағаны анықталып, 2,0 млрд.теңге сомасында ҚҚС қосымша есептелген.

       Бұл бағыттағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жалғаса береді.