Жарияланған күні: 11.05.2018 11:11
Өзгертілген күні: 11.05.2018 11:12

           

Елдегі ең ауыр экономикалық дағдарыс жағдайындағы дамудың қазіргі кезеңіне мемлекеттік органдардағы сыбайлас жемқорлықтың кез-келген дәлелдемелері қоғамдық айыптаумен бірге жүреді және мемлекеттік органдардың имиджіне кері әсерін тигізеді, халықтың сенімін төмендетіп, мемлекеттің нарықтық экономикасының дамуына қауіп төндіреді.

         "Қазақстан-2050" Жаңа мемлекеттің саяси бағыты» стратегиясы сыбайлас жемқорлықты ұлттық қауіпсіздікке тікелей дәрежесіне дейін көтеру үшін және мемлекет пен қоғамға осы жағымсыз құбылысқа қарсы күресті күшейтуге бағытталған. 

         Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі бағыттарын айқындау үшін 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегия әзірленіп және қабылданғаны кездейсоқ емес.

         Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл - Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кіріс департаментінің қызметіндегі басымдықтар мен маңызды құрамдастардың бірі және Мемлекет басшысының алдына қойған негізгі міндеттердің орындалуына, Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясына, мемлекеттік кіріс органдарының сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуге бағытталған түрлі аймақтық және ведомстволық іс-қимыл жоспарларына негізделген.

         Көптеген мемлекеттік қызметтердің бақылау және рұқсат беру функцияларының шоғырлануын ескере отырып, бүгінгі күні мемлекеттік кіріс органдарының қызметі сыбайлас жемқорлыққа бейімді салаға жататынын ескеруіміз қажет.

                Ақтөбе облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Департаментің Ішкі қауіпсіздік басқармасымен бірлесіп, 2018 жылдың 1 тоқсанында Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің лауазымды тұлғаларына қатысты сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық бойынша 4 қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта осы қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі тергеу іс шаралары жүргізілуде.

         Сонымен қатар, Департаменттің ІҚБ-мен Ақтөбе қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкері кадр қызметіне жалған жұмысқа жарамсыздық қағазын беру дерегі анықталды. Бұл дерек бойынша лауазымды тұлғаға ІҚБ-мен СДБТ-де тіркеліп, одан әрі қарай тергеу жүргізу үшін облыстың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне жолданды.

         Ішкі қауіпсіздік басқармасымен Департамент қызметкердің қызметке кір келтіретін тәртіптік құқық бұзушылық дерегін анықтады. Бұл дерек бойынша қызметтік тергеу жұмыстары жүргізіліп, қызметтік тергеу қорытындысы бойынша әкімшілік акциз бөлімінің бас маманы "Мемлекеттік қызмет туралы" ҚР Заңнамасының 4) тармағында жауапкершілік жүктелген тармақшасында мемлекеттік қызметтің беделін түсіріп тәртіптік бұзушылық жасағаны үшін, " қызметтке толық сәйкес емес туралы" түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

         Экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлерінің ішінен есірткі құралдарын және психотроптық заттарды пайдалануға бейім болып келген жеке тұлғаларды анықтау бойынша жұмыс жүргізілді. Жүргізілген іс-шаралардың нәтижесінде мемлекеттік кірістер органынан теріс қылықтар бойынша ЭТҚ-нің 1 қызметкері жұмыстан босатылды. Сонымен бірге тікелей басшысы және Департамент басшысының орынбасары тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

         Ішкі қауіпсіздік басқармасымен өткізілген іс-шаралардың нәтижесінде Департаменттің 2 лауазымды тұлғасы көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғандығы анықталып аталған лауазымды тұлғалар қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

         Ағымдағы жылдың өткен кезеңінде қызметтік этика нормаларын бұзғаны үшін Департаменттің 10 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

         Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың деңгейін көтеру мақсатында Департаменттің лауазымды тұлғалары, МКД құрылымдық бөлімшелері мен МКД-нің қала/аудан МКБ-сы арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы 20-дан астам Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар (дөңгелек үстел, семинарлар, БАҚ-да жариялау) өткізілді.

         Департаментте күнделікті 24 сағаттық №210889 "сенім телефоны" жұмыс істейді.

         Бұдан басқа, Департаменттің қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері туралы шағымдарды жеке және заңды тұлғаларға ыңғайлы болу үшін Департамент қызметкерлерінің, сонымен қатар, жеке және заңды тұлғалардың ыңғайлылығы үшін Департаменттің Ішкі қауіпсіздік басқармасында Ватсап нөмірі 8 707 293 2516 және dgd_uvb_aktobe@mail.ru электрондық мекен жайы ашылды.

         Жалпы алғанда, Департамент жүргізетін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл көріністеріне қарсы тұруға, имиджді көтеруге және азаматтардың мемлекеттік кірістерге деген сенімін арттыруға бағытталған.

         Департаменттің негізгі міндеті жедел-қызметтік жұмысында  жемқорлық көріністерін азайту және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою болып табылады.

Ақтөбе облысы бойынша МКД

 Ішкі қауіпсіздік басқармасы