Жарияланған күні: 20.05.2019 17:31
Өзгертілген күні: 20.05.2019 17:35

2019 жылғы 1 мамырдан бастап 8 тамызға дейін Қазақстан Республикасының азаматтары «Чекті талап ет – сыйлыкті ұтып ал» акциясына қатыса алады. Акцияны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті фискалдық деректер операторымен бірлесіп өткізеді.

Акция өткізу мақсаты азаматтық белсенділікті арттыру, азаматтардың тауар, жұмыс және қызмет тұтынушысы ретіндегі өз мүдделерін қорғау бойынша құқықтық мәдениетін қалыптастыру, көлеңкелі экономиканың мөлшерін қысқарту болып табылады.

«Чекті талап ет – сыйлыкті ұтып ал» кең ауқымды республикалық акциясына кез келген тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу кезінде Онлайн бақылау кассалық машиналар чектерін алған Қазақстанның жасы 18-ден жоғары азаматтары қатыса алады.

Қатысушы және чек туралы мәліметтерді тәркейтін «Таңдау» тегін мобильді қосымшасы App Store,Google Play market-те қолжетімді.

Акция шарттары бойынша чектің берілген күні мен уақыты ұтыс ойыны басталған күннен ерте болмауы тиіс. Бір қатысушы тіркейтін чектер саны шектелмеген.

Акцияның толық шарттарын және қосымшамен жұмыс істеу жөніндегі нұсқаулықты www.trebui.kzсайтынан көруге болады.

Қатысушылар арасында күн сайын акция өту кезінде100 смартфон ойнатылады.