Date of publication: 19.07.2019 16:17
Date of changing: 19.07.2019 16:17

Ағымдағы жылдың 4 шілдесінде  Қазақстан Республикасы Президенті Қ.Тоқаевтің қол қойған салықтық рақымшылық жүргізуді көздейтін заң шеңберінде Қаржы Министрлігінің бұйрығымен салықтық рақымшылық жүргізу ережесі бекітіледі.

        Жеке тұлғалардың салықтық рақымшылық шеңберінде 2019 жылғы       1 қантардағы жағдай бойынша дербес шотта есептелінген өсімпұл сомалары есептен шығарылады, сондай-ақ 2019 жылғы 1 қантарға дейінгі салық кезенінде салық міндеттері бойынша туындаған берешек сомасына есептелген өсімпұл сомалары берешек сомалары төленген жағдайда есептен шығарылады.

        Статистикалық деректерге сәйкес, 2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Ақтөбе облысында 76,7 мың жеке тұлғаның жалпы сомасы 340,8 млн. теңгені құрайтын салықтық берешегі болған, оның ішінде негізгі борыш – 247,1 млн. теңге, есептелген өсімпұлдар – 93,7 млн. теңге.

      Салық берешегінің ең көп сомасы немесе 65% (221,0 млн.теңге) көлік құралдарына салынатын салыққа тиесілі.

       Жер салығы бойынша берешекке 9 % (немесе 30,0 млн.теңге), мүлік салығына 26% (немесе 89,8 млн. теңге) тиесілі.

        Өсімпұлды есептен шығарудың жалғыз шарты жеке тұлғаның салықтар бойынша негізгі борышты төлеуі болып табылады. Салық төлеушілерге бұл үшін ешқайда барудың қажеті жоқ, мемлекеттік кіріс органдары күн сайын жеке тұлғалардың дербес шоттарының жай-күйіне мониторинг жүргізеді және олар 3 жұмыс күні ішінде негізгі борышты төлеген кезде өсімпұлды есептен шығару туралы тиісті шешім шығарады.

       Егер салық төлеуші ағымдағы жыл ішінде өткен жыл үшін негізгі борыш пен салықтар бойынша өсімпұлды төлеуді жүргізген жағдайда, өсімпұл сомасы қайтаруға жатады. Ол үшін мемлекеттік кіріс органдарына өтініш беру қажет.

Сонымен қатар, мемлекеттік кірістер органдарымен салық органдарында жеке кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде мәліметтері жоқ жеке тұлғалардың, дегенмен кәсіпкерлік қызметін жүзеге асырумен байланысты он бес жылдан астам есептелінген салықтан қарызы бар жеке тұлғалардың салық берешегінің сомасы есептен шығарылады.