Date of publication: 24.06.2019 13:15
Date of changing: 24.06.2019 13:29

 

 

Алкоголь өнімінің көлеңкелі айналымымен күресу аясында Ақтөбе облысында 2019 жылдың 5 айдың ішінде 177 объект бойынша 10 563 шыны немесе 5 789 литр көлемінде акцизделетін тауарлардың заңсыз айналымы белгіленді (лицензиясыз бұзушылықтар, алкоголь өнімдеріне және сақтауға берілетін іліспе құжаттарынсыз, белгісіз үлгідегі есеп-бақылау белгілері бар алкогольді сату).

Акцизделетін тауарлардың заңсыз айналымының барлық белгіленген фактілер бойынша материалдар процессуалдық шешім үшін сотқа жіберілді.

          ҚР ҚМ МКК Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті қала тұрғындарын күмәнді жерлерде алкоголь өнімін сатып алмауға және алкоголь өнімдерін сатуға арналған фискалдық түбіртекті және лицензияны талап ету міндетті деп ескертеді.

         Алкоголь өнімідерінің заңсыз айналымы мемлекетке, қоғамдық қауіпсіздікке және алкоголь өнімідерін  жүзеге асыратын адал жеке кәсіпкерлерге елеулі залал келтіретіні  бәрімізге мәлім.

Әр адам алкоголь өнімінің заңдылығын Wipon мобильді қосымшасының көмегімен тексере алатынын ескертеміз. 

Wipon қосымшасын iOs, Android и Windowsphone үшін тегін жүктей алады. Акциздік марканы сканерлегеннен кейін алкоголь өнімінің түпнұсқалығы туралы ақпарат көрсетіледі. Сканерленген алкоголь өнімінің ықтимал заңдылығы туралы ақпарат нақты уақыт режимінде ҚР ҚМ МКК жіберіледі.

Ақтөбе облысы бойынша

мемлекеттік кірістер департаментінің

 акциздерді әкімшілендіру бөлімі