Date of publication: 22.02.2019 12:42
Date of changing: 22.02.2019 12:43

 

2019 жылғы 21 ақпанда Мемлекеттік кірістер департаментінде басшысы Айбек Минаимбекович Паяев төрағалығымен кеңейтілген кеңес өткізілді. Кеңесте Департаменттің 2018 жылы атқарған қызметі қорытындыланып, 2019 жылы орындалуы тиіс міндеттері өтті.

Кеңейтілген кеңеске Ақтөбе облысы әкімі Сапарбаев Бердібек Машбекұлы қатысты.

Мемлекеттік кірістер органдарының негізгі міндеттерінің бірі – бюджеттің кіріс бөлігін атқару. 

Республикалық бюджет бойынша жоспар 103,1% орындалды.

Жергілікті бюджет бойынша жоспар өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 117,8% орындалды, 17,9 млрд.теңгеге көп.

Кіріс бойынша жоспардың орындалуын қамтамасыз ету мақсатында көлеңкелі айналымды қысқарту және қосымша резервті анықтау  жұмыстары жүргізілді, нәтижесінде облыс бюджетіне 43,6 млрд.теңге сомасында кірісте түсіп, оның ішінде:

- камералдық бақылау нәтижесінде – 33,72  млрд.теңге

- салықтық пен кедендік тексерулер нәтижесінде – 5,2 млрд.теңге

 -кедендік құнды әкімшілендіру - 394 млн.тенге;

- Экономикалық тергеу қызметі желісі бойынша залалды өтеу – 4,3 млрд. тенге.

 

2019 жылға арналған міндеттер

  • Бюджеттің кірістері бойынша жоспардың орындалуы
  • Қосымша резервтерді нықтау бойынша жұмыстың нәтижелілігіне қол жеткізу
  • Кеден құнының индекстері мен коэффициенттерінің мониторингін күшейту
  • Салық аудитінің сапасы мен тиімділігін жақсарту
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмысты күшейту

 

 

Ақтөбе облысы бойынша

мемлекеттік кірістер департаменті