Date of publication: 02.11.2018 17:49
Date of changing: 13.11.2018 17:08

Қазақстан-Ресей шекарасында 1 қарашада Республикалық арнайы мониторингтеу тобының өкілдері Алдан Менкеев және ҚР МҚШСҚА Арман Бердалин  «Жайсан» шекаралық бекетінің жұмысымен таныстты.

 

Аудан әкімі арқасында бірлесіп шекара бекеті жұмысын қайта қалпына келтірілді және экспорттық-импорттық бақылау жаңа жүйе бойынша жұмысқа кірісті МКД-нің облыс басшысы Айбек Паяев хабарлады.

 

«Бүгінгі таңда мәселелер туындаған жоқ. Егер мәселелер туындаған жағдайда олар жұмыс тәртібімен шешіледі. Болашақта сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау үшін кабинеттерге бейнекамераларымен деректерді беру арқылы  жабдықталған паспорттық бақылау болады» деп түсіндірді Айбек Паяев.

 

Мемлекеттік кірістер департаменті, көліктік бақылау инспекциясы, шекара қызметінің және БАҚ өкілдерінің қатысуымен соңында «дөңгелек үстел» өткізілді.