Date of publication: 10.10.2018 19:39
Date of changing: 10.10.2018 19:40

 

Ел басының Қазақстан халқына Жолдауы шеңберінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету үдерісін барынша оңтайландыру, соның ішінде бизнес үшін мерзімдерді және құжататр тізімін қысқарту, қайталанатын үдерістерді жою және оларды толықтай электронды нысанға көшіру тапсырылды. 

Мемлекеттік кірістер органдарымен 48 мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетіледі, оның ішінде 29 қызмет салықтық және 19 қызмет кедендік бағыттағы. Сонымен қатар, 48 қызметтің ішінде 32 қызмет немесе 67% электронды түрде,  16 қызмет немесе 33% қағаз түрінде көрсетілетіндігін атап айтқан жөн.

Бұдан басқа, Комитетпен қызмет көрсету үдерісін оңтайландыру және автоматтандыру шаралары тұрақты түрде жүргізіледі.

Мысалы, келесі қызметтер бойынша:

- «Этил спиртін өңдіруге лицензия беру» мемлекеттік қызмет стандартына өзгерістер енгізу, лицензия беру немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту мерзімі 15 жұмыс күнінен 10 жұмыс күніне дейін қысқартылуы ұсынылды;

- «Алкоголь өнімін өңдіруге лицензия беру» мемлекеттік қызмет стандартына өзгерістер енгізу, лицензия беру немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту мерзімі 15 жұмыс күнінен 12 жұмыс күніне дейін қысқартылуы ұсынылды;

- «Темекі өнімдерін өңдіруге лицензия беру» мемлекеттік қызмет стандартына өзгерістер енгізу, лицензия беру немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту мерзімі 15 жұмыс күнінен 10 жұмыс күніне дейін қысқартылуы ұсынылды;

- «Алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және көтерме саудада сату жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтауға және көтерме саудада сатуға лицензия беру» мемлекеттік қызмет стандартына өзгерістер енгізу, лицензия беру немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту мерзімі 15 жұмыс күнінен 1 жұмыс күніне дейін қысқартылуы ұсынылды;