Date of publication: 06.08.2018 18:21
Date of changing: 06.08.2018 18:31

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің (әрі қарай- Департамент)  басым бағыттарының бірі және маңызды құрамдас бөлігі болып табылады және Мемлекет басшысымен белгіленген Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылға сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы бойынша түрлі аудандық және ведомстволық жоспарлар бойынша мемлекеттік кірістер органдарының жүйесіндегі сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуге бағытталған тапсырмаларды орындаумен негізделеді.

         Жемқорлықтың және басқа да құқық бұзушылықтардың алдын алу, ескерту және тоқтату сияқты қолданылған шараларға қарамастан, Департаменттің қызметкерлері мен жұмыскерлері өзінің жалған мақсаттарын жүзеге асыру үшін жаңа формалар мен қылмыстық құрылым тауып отырады.

         Осылайша, бірінші жартыжылдықта сыбайлас жемқорлық, заңсыз әрекеттер және басқа да қылмыс фактілері бойынша Департаменттің лауазымды тұлғаларына қатысты барлығы 7 сотқа дейінгі тергеу жұмыстары тіркелді.

         Қызметкерлер мен жұмыскерлерге қатысты тіркелген 7 сотқа дейінгі тергеу жұмыстары Департаменттің қызмет аясында :

         - 6 салықтық блок

         -1 экономикалық тергеу қызметі

         -0 кедендік және әкімшілік блок.

         Көрсетілген қылмыстар ІҚБ-мен және басқа да құқық қорғау органдарының өз күшімен, сонымен қатар бірлесіп өткізілген жедел-тергеу іс-шараларының нәтижесінде анықталды.

         Осылайша Ақтөбе облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен Департаменттің Ішкі қауіпсіздік басқармасы бірлесіп, 2018 жылдың 1-ші жартыжылдығында Ақтөбе облысы бойынша МКД-нің лауазымды тұлғаларына қатысты  сыбайлас жемқорлық пен қылмыстық құқық бұзушылық бойынша 4 қылмыстық істер қозғалды. Осы уақытта ол қылмыстық істер аяқталып, қарау үшін сотқа жіберілді.

         Сонымен қатар, Департаменттің ІҚБ-мен Ақтөбе қаласының Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкері  жалған еңбекке жарамсыздық қағазын тапсырғандығы анықталды. Бұл факт бойынша лауазымды қызметкерге қатысты ІҚБ-мен ЕРДР-ге сотқа дейінгі тергеу тіркелді. Бұл қылмыстық істі әрі қарай зерттеу үшін облыстың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне жіберілді. 

         Сонымен қатар, ағымдағы жылдың мамыр айында Департаменттің ІҚБ-мен Департаменттің аудит басқармасының бас маманына қатысты, яғни лауазымын асыра пайдалану  арқылы ЖШС "К" және ЖШС "С" арасындағы мәмілелер 32 келісім бойынша жарамсыз деп танылып, талап етілген 99 келісімшарттарға өзгеріс енгізу арқылы  68 642 036 теңге көлемінде мемлекетке елеулі зиянын әкелгені бойынша ЕРДР-ге ҚР ҚК 361 бап 2 бөлім  бойынша сотқа дейінгі тергеу ісі тіркелді.

         Осы уақытта бұл қылмыстық іс облыстың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің өндірісінде.

Сыбайлас құбылыстарды алдын-алу мақсатында ағымдағы жылдың 1-ші жартыжылдығында Ішкі қауіпсіздік басқармасымен МКО лауазымды адамдардың, сонымен бірге сыртқы сауда саласындағы қатысушылар және әділетсіз салық төлеушілердің тарапынан мемлекеттік қызметкерлерімен қызметтік өкілеттіктерін атқару кезінде пара алуға тиым салу бойынша бағытталған профилактикалық іс шаралар жүргізілді.

Осылайша, 2018 жылдың 11 маусымында әкімшілік жауапкершілікке тартпауы үшін Хромтау ауданы бойынша МКБ-ның бас маманына 10 000 теңге көлемінде пара ұсынған "Б" азаматқа қатысты ҚР ҚК 367-бап 1-тармақ бойынша ЕРДР-ге сотқа дейінгі тергеу ісі тіркелді.

16.07.2018 жылы пара беруші "Б" азаматына қатысты қылмыстық іс сотпен қаралды. "Б" азаматына параның 20 есе мөлшерімен (200 000 теңге) айыппұл  есебінде жаза тағайындалды.

Құқық қорғау қызметіне немесе мемлекеттік қызметке жала жабатын іс-әрекет фактілері бойынша жұмыс жүргізілді.  

Ағымдағы жылдың 1-ші жартыжылдығында  осындай 4 факт анықталды:  оның ішінде 1- салықтық блок, 1-кедендік блок және 2 ЭТҚ.

Осылайша, Ішкі  қауіпсіздік басқармасымен наурыз айында, осы қызмет түріне лицензия беру кезінде алкоголь өнімдерін сақтау және көтермелеу кезінде лицензиялау объектілерінің орналасқан жері бойынша сауалнаманы жүргізу үшін біліктілік талаптарын белгілеу актісін жасамағандығына байланысты Департаменттің қызметкерінің мемлекеттік қызметке кері әсерін тигізетін  тәртіптік бұзушылық бойынша факт анықталды.

Қызметтік тергеу нәтижесі бойынша Жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасының бас маманы "А" Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» (Бұдан әрi Заң) Заңының 50-бабының 1-тармағына сәйкес «қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту»түрінде тәртіптік жазаға тартылды.

Сонымен қатар, Департаменттің ІҚБ-мен мамыр айында "Ақтөбе-КРО" кедендік бекетінің бас маманы "К" кедендік рәсімдеу кезінде сыртқы сауда саласындағы қатысушыларға рұқсат етілмеген  құжаттардың кедендік бақылауының негізсіз орындалуы және декларация туралы ақпарат бойынша факт анықталды.

Жүргізілген қызметтік тергеу ісі бойынша мемлекеттік қызметтің беделін түсіруіне тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін "Ақтөбе-КРО" кедендік бекетінің бас маманы "К" «қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түрінде тәртіптік жазаға тартылды.

Департаменттің ІҚБ-мен есірткі құралдары мен психотропты заттарды қолдануға бейімделген Экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлері арасындағы адамдарды анықтау бойынша жұмыс жүргізілді.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде 1 ЭТҚ қызметкері теріс себептер бойынша мемлекеттік кіріс органынан шығарылды.

Осы факт бойынша сол қызметкердің басшысы және Департаменттің басшысының орынбасары қатаң тәртіптік жазаға тартылды.

Сонымен бірге, МКД ІҚБ-мен жүргізілген профилактикалық іс-шаралардың нәтижесінде  көлікті мас күйінде жүргізгені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған Департаменттің 2 лауазымды тұлғасы анықталды. Қызметтік этиканы бұзғаны үшін Департаменттің лауазымды тұлғалары қатаң тәртіптік жазаға тартылды.

Ағымдағы жылдың өткен кезеңінде қызметтік этика нормасын бұзғаны үшін Департаменттің 14 қызметкері тәртіптік жазаға тартылды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың деңгейін көтеру мақсатында Департаменттің лауазымды тұлғалары, МКД құрылымдық бөлімшелері мен МКД-нің қала/аудан  МКБ-сы арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы 149 алдын алу шарасы (семинарлар, дөңгелек үстел, БАҚ-да жариялау, радио мен тв-да хабарландыру ) өткізілді.

         Департаменттің қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері туралы шағымдарды жеке және заңды тұлғаларға ыңғайлы болу үшін Департаментте күнделікті 24 сағаттық №210889  "сенім телефоны"  жұмыс істейді.

         Бұдан басқа, жеке және заңды тұлғаларға ыңғайлы болу үшін Департамент қызметкерлерінің, сонымен қатар, жеке және заңды тұлғалардың заңсыз әрекеттері туралы шағымдарды Департаменттің Ішкі қауіпсіздік басқармасында Ватсап нөмірі 8 7072932516 және dgd_uvb_aktobe@mail.ru электрондық мекен жайына хабарласуына болады.

         Департаменттің қызметкерлері мен жұмыскерлерінің арасында жемқорлықтың алдын алу және тоқтату, сонымен қатар Ақтөбе облысы бойынша МКД-нің лауазымды тұлғаларының парақорлық фактілерін анықтау  Департаменттің ІҚБ-ның басым бағыты болып қала береді.

 

Ақтөбе облысы бойынша МКД ІҚБ