Date of publication: 05.07.2018 17:33
Date of changing: 09.07.2018 19:27

     

Үстіміздегі жылы 5 шілдеде Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде Астана Күні-мемлекеттік мерекесін атап өтілді.

Салтанатты жиын Мемлекеттік Гимнімен ашылды. Жиын барысынды Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы А.М. Паяев қызметкерлерді келе жатқан мерекемен құттықтап, ашық аспан, қызметте абырой мен мол жетістік тіледі. Өзінің құттықтау  сөзінде Департамент басшысы Астананың Қазақстанның дамуындағы рөліне басты назар аударды: «Жылдан жылға Астанамыз өсіп келеді және біз оның өсіп, дамуына ат салысудамыз, бұл Қазақстанның әрбір азаматының парызы деп санаймын. Астана – жас, қарқындап дамып жатқан Қазақстанның бас қаласы. Өзінің жоғары мәртебесін Астана 1998 жылы алған болатын, сонан бері жылдам дамып жатқан, өзінің бет-бейнесі, ұстанымы бар мегаполис бүкіл еліміздің жаңаруының символы іспеттес. Қазақ елінің бас қаласын ерекшелейтін өзгешелігі – қаланы көркемедуде ақ түстің басым болуы. Оны «болашақтың қаласы» немесе Еуразияның алтын астанасы» деп жиі атайды». 

А. Паяевтың құттықтау сөзінен кейін мемлекеттік кірістер органдарының Ардагерлер ұйымының мүшесі Б.Қ. Латыпов «Астана-Қазақстанның бас қаласы» тақырыбында баяндама жасады. Баяндама барысында Астана тарихы туралы мазмұнды бейеролик көрсетілді.