Date of publication: 28.06.2018 13:33
Date of changing: 28.06.2018 13:34

Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінің басшысы Паяев Айбек Минаимбекович бастаған ұжым бұқаралық ақпарат құралдарының мамандарын төл мерекелерімен құттықтады.

Бұқаралық ақпарат құралдары майталмандарының мемлекеттік кірістер органдарының көпсалалы қызметін ақпараттандырумен қатар, жұртшылық үшін салық, кеден саясатын жетілдіру бағытындағы жаңа заңнамалық құжаттарды таныстыруда, салықтық мәдениетін көтеруде алатын орынын, маңызды ролін атап өткен департамент басшысы жақсы жаңалықтардың жаршысы болуға тілек білдіріп, зор денсаулық, ашық аспан тіледі.

Мерекелік шарада обылыстық басылымдар мен телеарналардың тілшілері мен өкілдері Дияров Нурмухамед, Салимова Асел Абатовна,   Сакиева Лязат Николаевналар марапатталып, алғыс хаттар мен гүл шоқтары, сыйлықтар табыс етілді.       

Ақтөбе облысы бойынша

 мемлекеттік кірістер департаменті