Date of publication: 12.06.2018 11:34
Date of changing: 12.06.2018 11:50

Қазақстан Республикасы аумағында 2018 жылдың 21 мамыр мен 30 қарашасы аралығында жалпы республикалық «Түбіртекті талап ет – жүлдені ұтып ал!» акциясы өткізілуде.

Акцияның  негізгі мақсаты:

- азаматтардың белсенділігін және халықтың салықтық сауаттылық деңгейін жоғарлату;

- халықтың ақшалай есеп айрысулар барысында бақылау-кассалық аппаратының қолданудың әлеуметтік-экономикалық маңызы жөнінде қоғамдық пікір қалыптастыру;

- азаматтарды тұтынушы ретінде өз құқын қорғай білу мәдениетіне тәрбиелеу;

- Қазақстан Республикасы заңдылығы бойынша салық төлеушілерді және қоғамды бақылау-кассалық аппаратын пайдалану талап етілетіндігін ақпараттандыру;

- бақылау-кассалық машинаны қолданысқа енгізу арқылы Қазақстандағы салық төлеушілер арасында салық тәртібін талап ету негізінде бюджетке салық түсімдерін көбейту;

- көлеңкелі экономиканың көлемін қысқарту;

 - кәсіпкерлер арасында шынайы бәсеке ынтыландыру.

Акция электрондық форматта мобильдік қосымша «Wipon» арқылы жүзеге асырылады.

Гранд финал ағымдағы жылдың аяғында Мемлекеттік кірістер департаментінде өтеді, онда бағалы сыйлықтар және ең басты жүлде автомобиль ойналады.