Date of publication: 20.03.2018 18:02
Date of changing: 20.03.2018 18:02

Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамына арналған Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Көліктегі ішкі істер департаментінің Ақтөбе станциясындағы ішкі істер желілік басқармасында құқық қорғау органдары арасында шағын футболдан  жарыс өткізілді.

Аталған шараға  Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің Экономикалық тергеу қызметі де қатысқан болатын.  Жарыс қорытындысы бойынша Ақтөбе оболысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің Экономикалық тергеу қызметі қарсыластарының барлығынан оза шауып, 1- орынға ие болды.

Жарыс соңында аталған мекеменің басшысы сөз сөйлеп, жарыс жеңімпаздарын мақтау қағазымен және сыйлықтармен марапаттады.

 

 

Ақтөбе облысы бойынша

 мемлекеттік кірістер департаменті.