Date of publication: 20.03.2018 12:56
Date of changing: 20.03.2018 12:57

2018 жылдың 1-ші қаңтарының жағдайына көлік құралдары салығы бойынша берешек 157,4 млн. теңгені құрап, 01.10.2017 жылмен салыстырғанда берешек сомасы (227,2 млн тенге) 38% төмендегенін немесе 69,8 млн. теңге айырмашылықты аңғаруға болады.

Барлығы 2017 жылы көлік құралдары салығы бойынша жалпы самасы 672,8 млн. теңгені құрайтын 21 871 хабарлама жолданып, 12 139 тұлға хабарлама негізінде дербес түрде жалпы көлемі 348,5 млн. теңге төлеген болатын.

Сот органдарына жалпы сомасы 142,6 млн. теңгені құрайтын 1 550 іс жіберіліп, 108,7 млн. теңгені құрайтын 1 358 іс бойынша сот шешімі шығарылған болатын. 791 іс бойынша сот шешімі толық орындалып, 57,8 млн. теңге бюджетке қамтамассыз етілді. Қалған жалпы сомасы 50,9 млн.теңгені құрайтын  567 іс сот орындаушылардың орындауына жіберілді.

Онымен қоса орындалмаған салық міндеттемелері 50, млн. теңгені құрап отырған 239 тұлғаға ҚР аумағынан тысқары шығуға шектеу қойылды.

Салық заңнамасымен көзделген ағымдағы атқарылған жұмыстардан бөлек, салық берешегін өндіріп алу және берешек сомасын азайту мақсатында былтырғы жылы уәкілетті органдармен бірлесе отырып, көлік құралдары салығы бойынша берешегі бар жеке тұлғалардан берешек сомасын өндіріп алу бойынша іс-шара жоспары бекітілді, рейдтік іс-шаралар жүргізілді. Іс-шараға ІІД,ӘПБ,ЖПҚ, жұмылдырылып, нәтижесінде:

 

 

- Сот актісін орындамағаны үшін 3 жеке тұлға әкімшілік қамауға алынды:

 

- 12 жеке тұлғаның автокөлігі айып тұрағына қойылды:

 

- 10 жеке тұлғадан рейдттік іс-шара нәтижесімен 4,4 млн. теңге бюджетке    қамтамассыз етілді:

 

- 2 жеке тұлғаның жұмыс орынына жалақысынан өндіру мақсатында атқару парағы жіберілді:

 

- сот актілерін орындамағаны үшін 3 жеке тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 22 690 теңге айппұл салынды.

 

 

2017 жыл бойынша жеке тұлғалардың көлік құралдары салығы 2017 жылдың 31-ші желтоқсанына дейін төленіп болуы керектігін Ескертеміз.

 

Жеке тұлғалардың көлік құралдары салығын уақытылы мезімінде төлемеу салдарынан берешек сомасы артып отыр.

Қазіргі таңда  Ақтөбе облысында көлік құралдары салығы бойынша 19 700 борышкердің 343 млн. теңгесі берешек сома болып белгіленіп отыр.

Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті ендігі кезекте көлік құралдары салығы бойына  берешегі бар жеке тұлғалар 2018 жылдың 1 ші сәуірінен бастап сот орындаушылардың құзіретіне беріліп, назарларында болатынын хабарлайды.

Яғни жеке тұлғалардың көлік құралдары салығы бойынша берешек сомасы 1 АЕК-тен асқан жағдайда өндіріп алуға тікелей сот орындаушыларына жіберілетін болады.

Істерді тікелей сот орындаушыларға жіберу, жаңадан қабылданңан салық кодексіне байланысты болып отыр.

2018 жылдың басынан бастап салық органы берешекті өндіріп алу бойынша салықтық бұйрық шығарады және мәжбүрлеп өндіріп алу үшін сот орындаушыларға жібереді. Бұрын бұл рәсімдер сот органдары арқылы жүзеге асырылып келген болатын.

МКБ хабарламасында - сот орындаушылары өз кезегінде берешекті мәжбүрлі түрде өндіру мақсатында, барлық шараларды қолданатын болады. Ол барлық борышкерлерге қатысты. ҚР аумағынан тысқары жерге шығуға, мүлікке немесе банк шоттарына шектеу қояды, жүргізуші куәлігінің құқын шектейді делінген.

Салық берешегін толық өтеп болғаннан кейін сот орындаушысының қызмет ақысын төлеу керектігін ескеру керек. Сот орындаушысының қызмет ақысы сот орындаушысымен өндірілген берешек сомасының 25% құрайды. Мәселен берешек сомаңыз 100 мың теңгені құраса сот орындаушысының әрекетәмен өндірілген жағдайда сот орындаушысының қызмет ақысы 25 мың теңгені құрайды. Онымен қоса мерзімі өткен салық берешегі сомасының әр күніне  1,25-еселік ресми мөлшері бойынша қайта қаржыландырылып, өсімпұл жүргізіледі.

Ағымдағы жылда Ақтөбе қаласы бойынша МКБ-сы жеке тұлғалардың көлік құралдары салығы бойынша салық міндеттемелерінің орындалуын жүзеге асыру мақсатында хабарламаларды таратуды  «Трансэнерго» АҚ , «Ақтөбе Таза Қала» ЖШС, «Ақбұлак»АҚ комуналдық қызметтері арқылы жүргізеді.

 

Жоғарыда аталған жағымсыз әсерлерге толы жағдайлардың орын алмауы үшін, жедел түрде көлік құралдары бойынша берешекті 2018 жылдың сәуір айының 1-ші жұлдызына дейін төлеу керектігін алға тартады.

 

 

Ақтөбе облысы бойынша

 мелекеттік кірістер департаменті.