Date of publication: 16.03.2018 12:54
Date of changing: 16.03.2018 12:54

Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті хабарлайды!!! 2017 жылдың жеке табыс салығы бойынша (әрі қарай ЖТС) декларациясын келесі резидент салық төлеушілер 2018 жылдың 31 наурызына дейін тапсыратынын еске салады:

  1. жеке кәсіпкерлер үшін, жалпыға бірдей режимді қолданушылар (220.00 нысаны);
  2. жеке нотариус, жеке сот орындаушылар, адвокаттар, кәсіби медиаторлар (240.00 нысаны);
  3. жеке тұлға, оның ішінде мүліктік табыс алушылар, сонымен қатар резидентемес-жеке тұлға Қазақстан Республикасындағымұрагерлікке алынған мүлкі, сонымен бірге Қазақстан Республикасы аумағындағы мүлікті сату кезіндегі мүліктік табысы (240.00 нысаны);
  4. басқа табыстар, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде табыстар алған жеке тұлғалар(240.00 нысаны);
  5. Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі шетелдік банктердегі банктік шоттарда ақшасы бар жеке тұлғалар табысы (240.00 нысаны);
  6. жеке тұлға, меншік құқығындағы бар келесі мүліктер (240.00 нысаны);

жылжымайтын мүлік, (құқығы немесе келісім шарт есебінде) шет елдердегі мемлекеттік заңға сәйкес шетелдік мемлекет тіркелген;

құнды қағаздар, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде орналасқан эмитенті;

Қазақстан Республикасынан тыскары жерлерде тіркелген заңды тұлғаның капиталдық үлесіне қатысушылар,

         Ең негізгі тоқтала кететін т.т.5 және 6 т.1 185 бабы 1 тармағына қосымша 6 тармақшасы ҚР Заңының 13.11.2015 жылғы №400-V (1 қаңтар 2017 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 2017 жылғы «ҚР Салық кодексі...»(сондай-ақ өткен жылдың салық декларациясын табыс етеді)

        

Жеке табыс салығы бойынша декларациясы (240.00. нысаны), жеке тұлға оның ішінде мүлік және басқадай табыс алғандар, сонымен қатар жеке тұлға Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі шетелдік банктердегі банктік шоттарда ақшасы бар жеке тұлғалар, одан басқа жылжымайтын мүлік, құнды қағаз, Қазақстан Республикасынан тыскары жерлерде тіркелген заңды тұлғаның капиталдық үлесіне қатысушылар. Сондай-ақ бұл тек қана ҚР тыс жерлерде оқитын студентерге қатысты емес, сондай-ақ ҚР-да тұрып жатқан жеке тұлғалар басқа елге шығып кеткендер шет мемлекеттерде есеп шот ашып жұмыс жасайтындарға да қатысты.

 

Айта кететін жайт, егерде сізде шетелдік банкте ашылған банктік есеп шотыңызда немесе банктік картаңызда ақшалай қаржы болса, онда міндетті түрде 2017 жылға 240.00. нысанды декларациясын табыс ету керек, яғни декларацияда 31.12.2017 жылғы жағдайы бойынша шетелдік банктегі қалдығын қөрсету керек.

Бұл тек қана мәлімет үшін, немесе ақпарат түрінде, және сомасы, бұдан ҚР-ның жеке табыс салығы алынбайды.

 

240.00 нысанын қалай толтырады?

ҚР ҚМ СК-нің kgd.gov.kz сайтынан нысанды толтыру туралы негіздемені көшіріп алып, 2017 жылдың жеке табыс салығы бойынша нысанын толтырасыз.

 

240.00 нысанын қалай табыс етуге болады?

         Салық кодексінде салық нысанын қалай табыс ету керек екенін көресілген қағаз түрінде немесе электронды түрде. Қағаз түрінде тапсыратын болса, (қара немесе көк) қаламсаппен басәріппен, баспаәріп арқылы символмен толтырылады. Қағаз түрінде екі жағыдайда тапсыруға болады: мемлекеттік кірістер органына өзі барып декларацияны толтырып табыстайды, декларацияның 1 данасын өзіне қалдырады 1 данасын кірістер органына қалдырады. Немесе хабарлама арқылы табыс етілген хат түрінде пошта арқылы табыс етуге болады. Егерде салық төлеушіде электронды крипта кілті болса, онда декларацияны www.cabinet.salyk.kz арқылы электронды түрде табыстауға болады.

 

Егерде декларацияны табыс етпесе не болады?

ҚР әкімшілік құқық кодексінің 275 бабының 3т., 4т. сәйкес ҚР-нан тысқары жерлерде орналасқан меншік құқығында тіркелген мүлкін жасырғаны үшін, одан басқа ҚР тысқары жердлердегі шетелдік банктегі есеп шотындағы немесе картасындағы сомасын, жеке табыс салығы бойынша декларацияда көрсетпегені үшін, Қазақстан Республиксының салық заңнамасына сәйкес, салық декларациясында көрсетпегені үшін 100 айлық есептік көрсеткіш бойынша айыппұл салынады.

Құқық бұзушылықты орындамағаны үшін, бекітілген бабтың 3 тармағына сәйкес, 1 жыл ішінде орындамаса құқық бұзушылықты орындамаса 200 айлық есептік көрсеткіш бойынша айыппұл салынады.

Салық декларациясын Ақтөбе қаласы бойынша МКБ Ақтөбе қаласы, Маресеев көшесі 97 үйге, ғимарттың 1 қабатын орналасқан терминал арқылы тапсыруға болады.

Жеке табыс салығы бойынша декларациясы 2018 жылдың 31 наурызнанкешіктірмей тұрғылықты жері бойынша табыс етеді.

 

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасы

Ақтөбе облысы бойынша МКД